Сотталғандармен кездесу өтті

Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Төлеби ауданындағы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №55 мекемесінде профилактикалық кездесу өткізді.

Іс-шара Полиция департаменті жанындағы нашақорлықтың алдын алу жөніндегі Кеңес мүшелері мен Қылмыстық-атқару жүйесі департаментінің бірлесуімен ұйымдастырылды. Кездесуге есірткі қылмысы үшін жазасын өтеп жатқан және босатылуға дайындалып жатқан сотталғандар қатысты.

Жиын барысында еркін пікір алмасу, құқықтық түсіндіру және тәрбиелік бағыттағы әңгімелер жүргізілді. Сондай-ақ қатысушыларға салауатты өмір салтын ұстанудың маңызы мен заңға бағынудың жауапкершілігі түсіндірілді.

Өз сөздерінде сотталғандар жасаған қателіктері үшін өкініш білдіріп, жастарды мұндай жолға түспеуге шақырды. Осындай ашық форматтағы кездесу өзара сенім орнатып, нақты профилактикалық әсер беруге мүмкіндік жасады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау назарға алынды

Түркістан облысының прокуроры Мұрат Әжінұрұлы Тлеубердиевтің төрағалығымен кәмелетке толмағандар және отбасы-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қатысты қылмыстарға, сондай-ақ олардың профилактикасы жөніндегі…

Сайрамда кеңейтілген жиын өтті

Облыс прокуратурасының бастамасымен Сайрам ауданында қоғамдық-саяси ахуалдың тұрақтылығын қамтамасыз ету және «Қауіпсіз балалық шақ» тұжырымдамасының орындалу жайы бойынша…