Созақ аудандық сотында бір күнде 11 іс медиация тәртібімен реттелді

Қазақстан Республикасының Азаматтық процестік кодексінің 174-бабына сәйкес, сот тараптарға татуласу рәсіміне қатысуы үшін шақыру жібере отырып, тараптардың татуласуына шаралар қабылдайды, оларға дауды процестің барлық сатысында реттеуде жәрдемдеседі.

Тараптар татуласу келісімін, дауды (жанжалды) медиация тәртібімен реттеу туралы келісімді немесе дауды партисипативтік рәсімдер тәртібімен реттеу туралы келісімді жасап не осы Кодексте белгіленген тәртіппен өзге де тәсілдерді пайдалана отырып, дауды өзара талаптардың толық көлемінде не бір бөлігінде реттей алады.

Судья медиатордың көмегімен Созақ аудандық сотында бір күнде қарыз ақша өндіру бойынша 11 азаматтық іс медиация тәртібімен реттелді, оның ішінде екі іс бойынша қарыз сомасы жалпы алғанда 20 000 000 теңгені құрады.

Түркістан облыстық сотының Баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Оқушылар полиция бөліміне экскурсия жасады

Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері жасөспірімдерге ата-аналарының рұқсатымен қалалық полиция ғимаратындағы уақытша ұстау изоляторы және әкімшілік қамау орындарына…
Толығырақ

АДВОКАТ БОЛУ АРДЫҢ ІСІ

Адам құқын қорғау. Адвокаттың басты мақсаты — осы. Сол себепті бұл мамандық иелеріне деген сұраныс та, құрмет те…