Созақ ауданының прокуратурасы әзіл кешін ұйымдастырды

Созақ ауданының прокуратурасы «Заң мен Тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында және «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясы аясында мектеп оқушыларына арналған «Көңілді тапқырлар алаңы» атты әзіл кешін ұйымдастырды.

Іс-шара аудандық мәдениет үйінде өткізіліп, оны 300-ге жуық көрермен – оқушылар, ата-аналар, ұстаздар және жергілікті тұрғындар тамашалады. Кеш барысында командалар өздерінің тапқырлығын, өнері мен шығармашылық қабілеттерін көрсетіп, түрлі әзіл-сықақ көріністерін ұсынды. Мұндай формат оқушылардың белсенділігін арттырып, ұйымшылдық пен еркін ойлауды дамытуға мүмкіндік берді.

Прокуратура қызметкерлері қатысушылардың өнерін бағалап, олардың құқықтық сауаттылықты ойын-сауық элементтері арқылы жеткізуге бағытталған әзілдерін жоғары бағалады. Кеш соңында үздік өнер көрсеткен оқушылар мен командалар аудан прокуратурасының Алғыс хаттарымен және арнайы естелік сыйлықтарымен марапатталды.

Іс-шараның негізгі мақсаты – мектеп оқушыларына құқықтық тәрбие беру жұмыстарын жаңа, қызықты әрі әсерлі форматта жүргізу, балалардың құқықтық мәдениетін арттыру, олардың қауіпсіздігі мен жауапкершілік сезімін күшейту. Сонымен бірге «Қауіпсіз балалық шақ» концепциясының аясында кәмелетке толмағандар арасында құқықбұзушылықтардың алдын алу, оларды қоғамдық пайдалы іс-шараларға тарту және бос уақытын тиімді ұйымдастыру көзделді.

Созақ ауданы прокуратурасы алдағы уақытта да балалардың тәрбиесіне, құқықтық мәдениетіне және қауіпсіз дамуына бағытталған түрлі мазмұндағы шараларды тұрақты түрде өткізуді жоспарлап отыр.

Р. Мақсат.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Бұл Заңды білесіз бе?

«Заң мен Тәртіп» қағидатын іске асыру және құқық бұзушылықтарға мүлдем төзбеушілікті қамтамасыз ету мақсатында Қылмыстық кодекске некеге тұруға…