СТУДЕНТТЕР ЕСІРТКІГЕ ҚАРСЫ

Түркістан қаласындағы жоғары көпсалалы колледжде студенттерге арналған «Нашақорлыққа жол жоқ!» тақырыбында дәріс өтті. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хаабарлады.

Басқосуға Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің вице-ректоры, Полиция департаменті жанындағы Есірткі қылмысының алдын алу кеңесінің мүшесі Еділ Төлегенов қатысып, жастарға заңсыз әрекеттердің зардаптары мен құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірді.

Сонымен қатар Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының аға жедел уәкілі Марат Бимаханов қазіргі уақытта синтетикалық есірткілердің жаңа түрлері көбейіп келе жатқанын айтып, сақ болуға және күмәнді ақпарат көздерінен аулақ болуға шақырды.

Шара барысында студенттерге бейнероликтер көрсетіліп, ақпараттық жадынамалар таратылды. Ұйымдастырушылар мұндай кездесулер жастардың құқықтық сауатын арттыруға және есірткіге қарсы азаматтық ұстанымын қалыптастыруға ықпал ететінін атап өтті.

Ә. Нұр.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

М.Қабденов: Түркістан облысында жол қауіпсіздігін күшейту мақсатында 52000-нан астам құқық бұзушылықтың жолы кесілді

Қазақстан Республикасының Ішкі істер министрі Ержан Саденов жариялаған «Профилактика жылы» аясында және “Заң мен тәртіп” қағидатына сәйкес Түркістан…

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Ордабасы ауданында «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында полиция қызметкерлері «Жас сақшылар» сыныбымен кездесті. Кәмелетке…