Полицейлер оқушылар мен студенттерге құқықтық жауапкершілік туралы түсіндірді» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
«Түркістан облысында полицейлер 1700 оқушы мен 700 студентті қамтыған кең ауқымды құқықтық түсіндіру іс-шарасын өткізді.
Жасөспірімдермен өткен кездесулерде тәртіп сақшылары оларды құқықбұзушылықтың алдын алу, қоғамдық тәртіпті сақтау, түнгі уақытта жүріп-тұру ережелері және заң алдындағы жауапкершілік туралы жан-жақты ақпараттандырды.
Білім беру ұйымдарында құқықбұзушылықтың салдарын түсіндіретін арнайы бейнероликтер көрсетіліп, оқушылар мен студенттер арасында ашық пікір алмасу, сұрақ-жауап форматындағы әңгімелесу ұйымдастырылды» делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.
Полиция қызметкерлері жастарға құқықтық мәдениетті қалыптастыру бағытындағы профилактикалық жұмыстар алдағы уақытта да жүйелі түрде жалғасатынын атап өтті.
М. Сары.