Төлебиде “Қауіпті жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы өтуде

Төлеби ауданында жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында “Қауіпті жүргізуші” жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шараның алдында аудан прокурорының орынбасары О. Марин және полиция бөлімі бастығының орынбасары М. Сейдуалиев жеке құраммен кездесіп, жүргізушілер арасындағы құқықбұзушылықтың алдын алу, жол қозғалысы ережелерін сақтау және қауіпсіздікті күшейту бағытындағы талаптарды түсіндірді.

Жүргізушілерге түсіндірме жұмыстарын жүргізу барысында жол-көлік оқиғаларының негізгі себептері атап өтіліп, қауіпті маневр жасау, қарсы бағытқа шығу, жылдамдықты асыру және мас күйінде көлік жүргізу сияқты заңбұзушылықтарға жол бермеу міндеті ерекше атап көрсетілді.

Іс-шараның алғашқы күнінде полицейлер 30-дан астам жол қозғалысы ережелерін бұзу дерегін анықтады. Анықталған құқықбұзушылықтар бойынша 8 автокөлік айыптұраққа қойылып, тиісті әкімшілік шаралар қабылданды.

Полиция жол қауіпсіздігін қамтамасыз ету, құқықбұзушылықтың алдын алу бағытындағы жұмыстарды жүйелі түрде жалғастырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларын күшейтті

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында тұрғындар арасында кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.…