«Түлкібас полициясы өткен жылғы қызмет нәтижелерін талқылады» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі.
«Түлкібас ауданы Полиция бөлімінде 2025 жылдың жедел-қызметтік жұмысының қорытындысына арналған кеңес өтті. Жиын Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары полиция подполковнигі Меруерт Әбдіқадырқызының төрағалығымен ұйымдастырылды» делінген баспасөз хабарламасында.
Жиын барысында алдағы кезеңге арналған міндеттер айқындалып, қылмыстың алдын алу, тұрмыстық зорлық-зомбылықпен күрес, кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау, сондай-ақ интернет-алаяқтық пен сыбайлас жемқорлыққа қарсы жұмыстарды күшейту бойынша нақты тапсырмалар берілді.
«Кеңесте 2025 жылдың 12 айында атқарылған жұмыстардың нәтижелері талқыланып, аудан аумағындағы криминогендік ахуалдың жай-күйі сараланды. Жалпы қылмыс санының артқанына қарамастан, қылмыстардың ашылу көрсеткіші жақсарғаны атап өтілді. Бірқатар санаттағы қылмыстар бойынша ашылу деңгейі облыстық көрсеткіштен жоғарылаған» дейді баспасөз қызметі.
habarlike.kz