Түркістан облысында демалыс күндері кең ауқымды рейд өтті

Полиция департаментінің бастығы Мұрат Қабденовтің нұсқауымен облыс полицейлері демалыс күндері қоғамдық орындардағы тәртіпті қамтамасыз ету, қылмыстардың, құқықбұзушылықтың алдын алу және жол қозғалысы ережелерінің сақталуын бақылау мақсатында бірқатар жедел-профилактикалық шаралар ұйымдастырып келеді.

Өткен демалыс күндері кезекті рейд барысында полицияның арнайы күштері трассалар мен аудан орталықтарының көшелерінде күшейтілген тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде жол ережесін бұзған 305 жүргізушіге шара қолданылып, 64 автокөлік айыптұраққа қойылды.

Рейд кезінде облыс полициясының басшылығы жүргізушілермен және жолаушылармен кездесіп, заң талаптарын түсіндірді. Бұл бағыттағы жұмыстар тұрақты түрде жалғасатын болады. Сондықтан жол қозғалысы ережелерін қатаң сақтау қажет.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Кентауда мектеп оқушыларымен құқық бұзушылықтың алдын алу тақырыбында кездесу өтті

«Кентау қаласындағы М.Әуезов атындағы мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары арасында «Кәмелетке толмағандардың арасындағы зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың алдын алу», «Мәдениетті…