Түркістан облысының полицейлері қыстық киім үлгісіне өтті

Түркістан облысы ПД бастығы Мұрат Қабденов, жеке құрамның қысқы маусымға дайындығы мен автокөліктердің даярлығын тексеру мақсатында гарнизондық саптық байқау өткізді.

Жиынға Полиция департаментінің басшылығы мен аппарат қызметкерлері, учаскелік полиция инспекторлары мен патрульдік полицейлер, сондай-ақ Түркістан облысы бойынша Ұлттық ұланның әскери қызметшілері қатысты.

Полиция департаментінің бастығы полиция генерал-майоры М.Қабденов: «Түркістан облысы аумағында «Заң мен тәртіп» қағидатын ұстанып, құқық бұзушылықтарға жол бермеуге, қашанда заңдылықты сақтап, азаматтарға қажетті көмек көрсетуді, қарым-қатынас кезінде сыпайы болуды, адал қызмет атқаруды бұйырамын. Сондай-ақ бүгінгі қыстық киім үлгісіне өту аясында, алдағы уақытта нысанды киім үлгісін бұзуға жол бермеңіздер!»,-деп атап өтті.

Одан әрі тәртіп сақшыларының сыртқы бейнесі мен саптық жарғы ережелерін меңгеруін қадағалады. Қызметтік автокөліктердегі құтқаруға арналған құрал-жабдықтардың түгел болуын ескертіп, анықталған кемшіліктерді жою бойынша тиісті басшыларға тапсырма берді.

Саптық байқау аяқталған соң, полицейлер салтанатты шеруден өтіп, күнделікті міндеттерін орындауға кірісті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Сот саласына қойылар талап та жоғары

Ата Заңымыздың 76-бабында «сот билігі Қазақстан Республикасының атынан жүзеге асырылады» деп көрсетілсе, 77-бапта: «Судья сот төрелігін іске асыру…
Толығырақ

“Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында 1500-ге жуық жүргізушіге түсіндіру жұмыстары жүргізілді

Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының нұсқауына сәйкес, өңір көлемінде “Борышкер” жедел-профилактикалық іс-шарасы жүргізілуде. Шара аясында Түркістан қалалық Полиция…