Түркістанда “Ұлы дала философиясыжәне құқықтық мәдениет” халықаралық симпозиумы өтті

2025 жылғы 4-5 желтоқсан күндері Түркістан қаласында Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің ұйымдастыруымен “Ұлы дала философиясы және құқықтық мәдениет” халықаралық симпозиумы өтті.

Симпозиум жұмысына құқық қорғау органдарының басшылары, белгілі ғалымдар мен сарапшылар қатысты.

Іс-шараның негізгі мақсаты – түркі өркениетінің құқықтық және философиялық мұрасын талдау арқылы қазіргі заманғы мемлекет пен құқықтың дамуына жаңа ғылыми көзқарас қалыптастыру және рухани-құқықтық құндылықтардың сабақтастығын айқындау.

Түркістан облысының прокуроры Мұрат Тлеубердиев симпозиум барысында сөйлеген сөзінде ұлттық болмыс пен құқықтық мәдениеттің өзара сабақтастығын атап өтіп, қазақтың дәстүрлі құқық жүйесінен бастау алатын құқықтық құндылықтар қазіргі Конституцияда өз жалғасын тапқанын жеткізді.

Іс-шара аясында “Түркі әлеміндегі әділет дәстүрі және құқық мұрасы”, “Далалық құқық философиясы” секциялары, сондай-ақ “Ұлы дала мұрасынан жаңа мемлекетшілдік қағидаттарына дейін” атты дөңгелек үстел ұйымдастырылды. СекциялардаЯсауи мұрасы, көшпелілердің құқықтықмәдениеті, түркі өркениетіндегіморальдық-құқықтық негіздер мен дәстүрлі құқық жүйесі жөнінде ғылыми баяндамалар ұсынылды.

Симпозиум қорытындысында қатысушылар Түркі өркениетінің рухани-мәдени мұралары қазіргі заманғы құқықтық ойды дамытуда маңызды рөл атқаруы тиіс екенін атап өтті.

Іс-шара мәдени бағдарлама – Абайдың “Қара сөз” балетінің қойылымымен аяқталды.

П. Арыс.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларын күшейтті

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында тұрғындар арасында кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.…
Толығырақ

300-ге жуық студентке «Нашақорлық пен құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында кездесу өтті

Кентау қалалық полиция бөлімінің қызметкерлері «Кентау көпсалалы колледжінде» студенттердің қатысуымен «Нашақорлық және құқықбұзушылықтың алдын алу» тақырыбында профилактикалық кездесу…
Толығырақ

Прокурорлар меморандумға қол қойды

Сайрам аудандық пробация қызметінің есебінде тұрған азаматтарды жұмыспен қамту және олардың қоғамға қайта бейімделуін қамтамасыз ету мақсатында бүгін…