Түркістан қаласының полицейлері жастарды біріктіріп, әйелдерге қатысты зорлық-зомбылықтың алдын алуға бағытталған ерекше флешмоб ұйымдастырды. Шараға 100-ге жуық студент қатысып, қоғамдағы өзекті мәселеге назар аудартты.
Флешмоб барысында тәртіп сақшылары тұрмыстық зорлық-зомбылықтың түрлері, оны болдырмау жолдары, құқықтық жауапкершілік және көмек алудың тиімді тәсілдері туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Полицейлер жастарға өз құқығыңды білу, төзімсіздік таныту және көмекке мұқтаж жандарға бейжай қарамау әр азаматтың борышы екенін атап өтті.
Студенттер флешмоб арқылы “зорлық-зомбылыққа жол жоқ!” деп айту, қоғамда сенім мен қауіпсіздік атмосферасын қалыптастыру жастардың қолында екенін көрсетті.
Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі