«Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы аясында Бәйдібек ауданы көлемінде есепте тұрған тұлғалар тексерілді

«Бәйдібек ауданы аумағында «Учаске» жедел профилактикалық іс-шарасы өткізілді. Шара барысында аудан учаскелік полиция инспекторлары мен прокуроры өздеріне бекітілген аумақтарда есепте тұрған азаматтарды тексеріп, профилактикалық жұмыстар жүргізді» деп хабарлайды habarlike.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап..

Аталған іс-шара нәтижесінде шартты түрде мерзімінен бұрын босатылған 4 азамат есепке алынған болса, пробация қызметінде 21 азамат тіркелген.

Профилактикалық іс-шарадан бөлек учаскелік полиция инспекторлары өздеріне тиесілі аумақтарда есептегі тұлғаларды апта сайын тұрақты түрде тексеріп, құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында жұмыстар жүргізіп келеді.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

ЗАҢ МЕН ТӘРТІП – ҚОҒАМ ТІРЕГІ

Ордабасы ауданында «Заң мен тәртіп» идеологиясын насихаттау аясында Ш.Уәлиханов атындағы мектеп-гимназиясында полиция қызметкерлері «Жас сақшылар» сыныбымен кездесті. Кәмелетке…
Толығырақ

Жасөспірімдер арасындағы ерте жүктіліктің алдын алу бойынша түсіндіру жұмыстары өтті

Мақтаарал ауданындағы Агроколледжде студенттермен ерте жүктіліктің, жыныстық жолмен берілетін аурулардың және зорлық-зомбылықтың алдын алу бойынша ақпараттық кездесу ұйымдастырылды.…