Заң мен тәртіп: Полиция жыл басынан бері 3000-нан астам тұрғынға қорғау нұсқамасын шығарды

Бұл туралы БАҚ өкілдеріне Өңірлік коммуникациялар қызметінде Түркістан облысы Полиция департаментінің отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің бастығы Жанар Қалабаева жеткізді.

Полиция подполковнигі Ж.Қалабаева өз баяндамасында: «Әйелдердің құқықтарын қорғау, отбасылық құндылықтарды сақтау, сондай-ақ тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы іс-қимыл мәселелері Мемлекет басшысы мен Ішкі істер министрлігі басшылығының ерекше бақылауында.

Осы тұста департамент бастығы Мұрат Қабденовтің нұсқауымен облысымызда ІІ кезең бойы «Тұрмыс» және «Есептегі тұрған тұлғалар» жедел-профилактикалық іс-шарасы, «Отбасында зорлық-зомбылықсыз – Қазақстан!» атты челлендж-флешмобы, «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы ұйымдастырылды. Өткізілген профилактикалық шаралар нәтижесінде аса ауыр қылмыстар 87,5%-ға азайды»,-деп атап өтті.

Айта кетсек, Түркістан облысының полицейлері жыл басынан бері тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 5000-ға жуық хабарламаны тіркеп, 3153 қорғау нұсқамасын шығарған.

Бүгінгі таңда облысымызда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге баспанасы бар 50 дағдарыс орталығы көмек көрсетеді. Сондай-ақ 17 ауданда отбасын қолдау орталығы ашылды. Бірлескен жұмыс жәбірленушілерді кешенді қорғауға, зорлық-зомбылықтың алдын алуға және агрессорларды оңалтуға бағытталған.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Әдеп кодексі талаптары түсіндірілді

Департаменттің Мемлекеттік қызмет саласындағы бақылау басқармасының бас маманы Л. Мырзараимова Түркістан облысы бойынша Тексеру комиссиясы мемлекеттік қызметшілеріне түсіндіру…