Заң мен тәртіп жолындағы қаһармандар ұлықталды

«Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің «Құрмет пен қаһармандық – ұрпақтар сабақтастығы» республикалық акциясы аясында Түркістан облысы полицейлерінің ұйымдастыруымен тағылымы бар шара өтті. Бұл жиын — ел игілігі жолында аянбай еңбек етіп, ерлік пен адалдықтың өнегесін көрсеткен ішкі істер органдарының ардагерлеріне деген құрметтің көрінісі болды» деп хабарлайды habarlike.kz. Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Іс-шара барысында қатысушылар ардагерлердің қызмет жолынан тағылым алып, олардың батырлық пен жауапкершілікке толы өмір жолы жас ұрпаққа үлгі екенін жеткізді.

«Ішкі істер органдарының ардагерлері күніне» арналған кездесуге Түркістан облысы Полиция департаменті жеке құраммен жұмыс жөніндегі басқарма бастығының орынбасары Ерлан Шәмшат, облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Оспанғазы Жанқожаев, аудан әкімінің орынбасары Жұмасұлтан Бердешов және қоғам қайраткерлері қатысты.

Салтанатты сәтте ел тыныштығын сақтауға, тәртіп пен қауіпсіздік орнатуға өмірін арнаған ардагерлерге алғыс хаттар мен естелік сыйлықтар табыс етілді. Мұндай шаралар – бүгінгі буынға батылдық пен отансүйгіштіктің қадірін ұғындырып, «Заң мен тәртіп» идеологиясын нығайта түсетіні анық.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жүз полицей тест тапсырды

«Түркістан облысының 100 полицейі «Қазтест» жүйесі бойынша тест тапсырды» деп хабарлайды Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі. Баспасөз қызметінің…