«Жас сақшы» сыныбында оқушыларға арналған тәрбиелік кездесу өтті

Арыс қаласындағы Ә.Жангелдин жалпы орта мектебінің «Жас сақшы» қоры тарихи-өлкетану музейінде тәрбиелік бағыттағы танымдық кездесуге қатысты. Кездесу «Ардагерлердің өмір жолы – жас ұрпаққа тағылым» ұранымен және «Адал азамат» бағдарламасы аясында жүзеге асырылды.

Музей қызметкерлері қатысушыларға ел тарихы мен егемендіктің маңызы туралы айтып, ардагерлердің ерлік жолы мен құқық қорғау органдарының қалыптасу тарихымен таныстырды. Жиында оқушылар музей экспозицияларымен танысып, патриоттық рух пен азаматтық жауапкершілікті сезінуге бағытталған тағылымды мәліметтер алды.

Сонымен қатар жас буын өкілдеріне елге деген сүйіспеншілік, азаматтық борыш пен полиция қызметінің қоғамдағы маңыздылығын түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Енді елімізде құқығы сақталмаған мүмкіндігі шектеулі адамдар БҰҰ-ға шағым түсіре алады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев «Мүгедектердің құқықтары туралы конвенцияға факультативтік хаттаманы ратификациялау туралы» ҚР Заңына қол қойды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.…
Толығырақ

Оңай табысқа алданып қалмаңыз

Цифрлық технологияның қарқынды дамуы бізге көптеген мүмкіндікпен қатар, түрлі қауіптерді де көлденең тартуда. Сондай қауіптердің бірі – дропперлер.…