Жасөспірімдердің әрекеті- полиция назарына іліккен оқиға

Полиция Түркістан қаласы “Ынтымақ” аллеясында бірқатар жасөспірімнің шамдарды сындырып, құқық бұзушылық әрекетке барғанын анықтады.

Жедел профилактикалық шаралардың нәтижесінде құқық бұзушылық жасаған 8 сынып оқушылары екені белгілі болды.

Жасөспірімдерге кәмелетке толмаған адам жасаған бұзақылық бойынша әкімшілік шара көріліп, профилактикалық түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Мұндай әрекеттердің құқықтық салдары, қоғамдық мүлікке зиян келтірудің жауапкершілігі мен балалардың қауіпсіз мінез-құлық ережелері егжей-тегжейлі түсіндірілді.

Түркістан қалалық полиция басқармасы құқық бұзушылықтың алдын алу қауіпсіздік кепілі екенін еске салады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Зиянды әдеттен аулақ бол!

Полицияның бастамасымен нашақорлықтың алдын алу форумы ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады. «Шардара полициясының ұйымдастыруымен…