Жатақханаларда тексеру жұмыстары жүргізілді

Полицейлер колледж студенттеріне профилактикалық жұмыстар ұйымдастырды. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.

«Сарыағаш аудандық полиция басқармасының қоғамдық қауіпсіздік бөлімінің ювеналдық полиция тобының инспекторлары аудан аумағында орналасқан алты колледждің студенттік жатақханаларында тексеру жұмыстарын жүргізді» дейді баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында жастар арасында топтық төбелестердің алдын алу, жатақхана ішінде бейресми көшбасшыларды анықтау, сондай-ақ кәмелетке толмағандарды теріс діни ағымдарға тартуға әрекет ететін тұлғаларды анықтау бағытында профилактикалық жұмыс ұйымдастырылды.

Сонымен қатар инспекторлар атыс және суық қаруды қолдану арқылы жасалуы мүмкін қылмыстардың алдын алу, тыйым салынған заттардың — атыс және суық қару, денсаулыққа зиян келтіруі ықтимал құралдар, есірткі және психотроптық заттардың — айналымын анықтап, жолын кесу шараларын атқарды.

Тексеру барысында студенттердің жатақханадағы қауіпсіздігі, тәртіп сақталуы және құқықбұзушылықтың алдын алу мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Полиция қызметкерлері мұндай профилактикалық іс-шаралар алдағы уақытта да жалғасын табатынын атап өтті.

Т. Тары.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Оқушылармен кездесу өтті

Ордабасы аудандық полиция бөлімінің бастығы Нүркен Сарыпбеков Ішкі істер министрлігінің «Заң мен тәртіп» идеологиясы аясында Қараспан ауыл округіндегі…