«Зорлық – зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы аясында шығармашылық орталықта кездесу өтті

«Гендерлік зорлық – зомбылыққа қарсы 16 күн» науқаны аясында қалалық шығармашылық орталық мектебінде кездесу өтті. «Зорлық-зомбылыққа жол жоқ! » тақырыбында өткен жиынға мектеп қызметкерлері және оқушылар қатысты.

Кездесуде орталық директоры Мөлдір Күзербаева, облыстық полиция департаменті қоғамдық қауіпсіздік басқармасының отбасылық тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қорғау бөлімінің инспекторы Мөлдір Құрманбекова және Жастар орталығының инспектор маманы Камола Өмірзақ баяндама жасады.

Өз кезегінде полиция лейтенанты М.Құрманбекова : 16 күндік акция аясында азаматтарға тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу және қолдау көрсететін мекемелердің жұмысы туралы ақпарат береміз. Биылдан бастап цифрлық зорлық-зомбылыққа қарсы профилактика күшейтілді. Сталкинг, кибербуллинг, онлайн қудалау сияқты жағдайлар жиілеп отыр. Енді мұндай әрекеттер үшін заң бойынша жауапкершілік қарастырылады. Акция барысында сауда орталықтарында, оқу орындарында, дағдарыс орталықтарында мамандар мен заңгерлер бірлесіп ақпараттық кездесулер өткізілуде. Қауіпсіз қоғам қалыптастыру отбасындағы сыйластық пен жауапкершіліктен басталады, — деп өз пікірін ортаға салды.

Шараға қатысушылар белсенділік танытып, осы бағыт бойынша көкейінде жүрген сауалдарын қойып, мұндай іс-шаралардың жеке қауіпсіздікке қатысты мәселені жақсырақ түсінуге септігін тигізетінін атады.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, осындай акциялар азаматтардың құқықтық сауатын арттырып, өзара құрметке негізделген қауіпсіз қарым-қатынас мәдениетін қалыптастыруға ықпал етеді.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Арыс аудандық соты кездесу өткізді

«Заң мен Тәртіп» идеологиясын түсіндіру бойынша кезекті кездесу Арыста кездесу өтті. Арыс аудандық сотының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Үкіметінің…