Азық-түлік бағасын тұрақтандыру: автодүкендер мен контрмагнит базарлар ашу ұсынылады

        Автодүкендер мен контрмагнит базарлар ашу азық-түлік нарығын реттеп, бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді. Бұл ұсыныс Премьер-Министрдің орынбасары – сауда және интеграция министрі Серік Жұманғариннің төрағалығымен өткен кеңесте қаралды, деп хабарлайды ҚазАқпарат Үкіметтің ресми сайтына сілтеме жасап.

           Базарлар жұмысын өркениетті форматқа көшіру шеңберінде Алматы қаласы мен Алматы облысында контрмагнит базарларын құру ұсынылады. Бұл нарық қызметін ретке келтіруге, көлеңкелі айналымды қысқартуға, салық түсімдерін арттыруға, отандық өндірушілердің өткізу нарықтарына тікелей қол жеткізуін қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін А класындағы сауда орталықтары болмақ.

«Нарықтарды жаңғырту бағдарламасы шеңберінде жоспарланған, 2023 жылғы 1 қаңтарға дейін Астана, Алматы және Шымкент қалаларында аяқталуы тиіс жұмыс іске асырылмаған. 2025 жылдың соңына дейін 68 базарды жаңғырту міндеті тұр, оның 18-і республикалық маңызы бар қалаларда, ал қалған 50-і өңірлерде орналасқан. Бүгін біз ЖСҚ әзірлеуден бастап уәкілетті органдармен келісуге дейін, кезең-кезеңімен мерзімдері және орындаушылары көрсетілген жол картасының жобасын дайындадық. Барлық жұмысты белгіленген мерзімде аяқтау қажет», – деді сауда және интеграция бірінші вице-министрі Арман Шаққалиев кеңес барысында.

Сонымен қатар, қазақстандық автоөндірушілер шығарған әлеуметтік азық-түлік өнімдерін сатуға арналған автодүкендер, жылжымалы нүктелер құру жобасы ұсынылды. Олардың артықшылықтары – стационарлық сауда нүктелерінен тәуелсіздігі, жылжу мүмкіндігі, ал бұл баға мен қолжетімділікке айтарлықтай әсер етеді. Қолжетімді бағамен автонесие беру, бөліп төлеу бағдарламасы қарастырылып отыр, шығарушылар қажетті мөлшерде дайындауға әзір. Бұл ұсыныстар өңірлерге жолданған.

Гүлнұр Ғазизқызы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан: КОЛЛЕДЖ ПЕДАГОГТЕРІ ФРАНЦИЯ, ГЕРМАНИЯДА КӘСІБИ БАҒЫТТА ТӘЖІРИБЕ АЛМАСТЫ

Өңірдегі колледж педагогтері мен басшылары Франция, Германия еліндегі кәсіпорындармен техникалық және кәсіби білім беру орталықтарында тәжірибе алмасуда. Әріптестерді…
Толығырақ

Өңірлерде жанармай жетіспейді

 Үкіметте энергетикадағы өзекті мәселелер талқыланды Премьер-Министр Әлихан Смайыловтың төрағалығымен өткен кеңесте Энергетика министрлігі, «Самұрық-Қазына» қоры және «ҚазМұнайГаз» ұлттық…