Түркістан төрінде Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына арналған «Әділетті Қазақстанды құруда мәслихаттардың рөлі: тарих, бүгін және болашақ» атты ғылыми-практикалық конференциясы өтті.
Алаш арысы Ахмет Байтұрсынұлының «Ұлт жұмысы – үлкен жұмыс: үлкен жұмысқа көп жұмыскер керек» деген қанатты сөзі бар. Бұл ретте Түркістан облысындағы облыстық және жергілікті мәслихаттардың қоғамдағы рөлі жоғары. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы мәслихаттар мен жергілікті атқарушы органдарға елмен, түрлі қоғамдық ұйымдармен диалог орнатып, халықтың мұң-мұқтажын бірлесе шешуді тапсырған. Президент тапсырмасы өз кезегінде орындалып жатыр.
Өңірде инвестиция тарту, өндіріс орындарын ашуға басымдық берілуде. Облыстағы жергілікті мәслихаттарда 300-ден астам депутат еңбек етуде. Олардың арасында ауыл шаруашылығы, білім, денсаулық және өзге салалардың өкілдері бар, ал басым бөлігін кәсіпкерлер құрайды.
Мерекелік жиында өңірдің дамуына үлес қосып жүрген бір топ азаматқа «Түркістан облысының Құрметті азаматы» атағының куәліктері мен марапаттар табысталды.
Хабар-like
Related Posts
ТҮРІК АСХАНАСЫНЫҢ АПТАЛЫҒЫ БАСТАЛДЫ
Ғасырлар бойы бабадан балаға мирас болған түрік дәстүрінің бірегейі – түрік асханасы әлемге танымал. 21-27 мамыр арасында өтетін…
ТҮРКИЯДА АВТОБУС БИЛЕТТЕРІ ҚЫМБАТТАМАЙДЫ
Түркияда 2023 жылы қалалар арасына қатынайтын автобустар билет бағасын қымбаттатпайды. Бұл жолаушылар санының өсуіне сеп…
Азық-түлік бағасын тұрақтандыру: автодүкендер мен контрмагнит базарлар ашу ұсынылады
Автодүкендер мен контрмагнит базарлар ашу азық-түлік нарығын реттеп, бағаны тұрақтандыруға ықпал етеді. Бұл ұсыныс…
ТҮРКІСТАНДА НАУРЫЗ МЕЙРАМЫНДА «GASTRO FEST TURKISTAN – 2023» ФЕСТИВАЛІ ӨТТІ
Түркістан қаласында Наурыз мейрамына орай «GASTRO FEST TURKISTAN – 2023» фестивалі өтті. Гастрофестиваль – Түркістан қаласының көрнекті белгісіне…