Балалар мен жастардың қауіпсіздігі талқыланды

Балалардың құқығын қорғау, қауіпсіздігін сақтау – аса маңызды міндет. Жасөспірімдер арасындағы суицид пен ерте жүктіліктің алдын алу бағытында жұмысты жандандыру керек. Мектептердегі психологтардың жұмысын жүйелеу қажет.

Бұл туралы Түркістан облысының кәмелетке толмағандардың ісі және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының кезекті мәжілісінде облыс әкімінің орынбасары Ертай Алтаев айтты.

–Бұл бағытта бірқатар жұмыстар атқарылды. Дегенмен әлі де кемшілікке жол беріп отырған аудандар бар. Реттеңіздер. Соныман қатар алда ҰБТ тапсыратын сәт жақындап келеді. Жасөспірімдермен тиісті жұмыс жүргізіп, қауіпсіздігін қадағалау қажет. Балалардың мереке күндеріндегі және жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында кешенді профилактикалық жұмыстар жүргізілуі тиіс, – деді Ертай Кенжебекұлы.

Жиынға құқық қорғау органдары мен жауапты басқармалардың басшылық құрамы және аудан, қала әкімдігінің жауапты өкілдері қатысты. Өткен жылы атқарылған жұмыстар, биылғы 4 айдағы көрсеткіштер сараланып, алдағы жоспарлар бекітілді. Мәжілісті Түркістан жүргізіп, жауаптыларға жұмысты ширату жөнінде тапсырма берді.

Күн тәртібінде балалардың қауіпсіздігін сақтау, жастар арасында ерте жүктілік пен суицидтің алдын алу, кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылықты алдын алу, мүгедектігі бар балалардың отбасылық, әлеуметтік жағдайы, сондай-ақ «Соңғы қоңырау» мерекесі мен жазғы демалыс кезеңіндегі қауіпсіздік талаптары және мектеп психологтарының жұмысын жетілдіру талқыланды. Облыс әкімінің орынбасары көтерілген мәселелер мен айтылған ұсыныстарды назарға алып, аталған бағыттағы жұмыстарды күшейтуді тапсырды. Сондай-ақ өзекті мәселелер бойынша тиісті мекемелер тарапынан нақты шаралар қабылданып, олардың орындалуы тұрақты бақылауда ұстау қажеттігін атап өтті.

Мәжілісте жауапты өкілдердің есебі тыңдалды. Сонымен қатар кәмелетке толмағандар арасындағы құқықбұзушылық деректері көп тіркелген аудандардың есептері тыңдалып, нақты міндеттер жүктелді.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Қытайлық инвесторлармен кездесті

Түркістан облысында маңызды жобаларды жүзеге асыру бойынша инвесторлармен келіссөздер жүргізілді. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.…