Достық елді мекені ауыз сумен қамтылды

Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Түркістан облысы Сарыағаш ауданына қарасты Жартытөбе ауылдық округіндегі Достық елді мекені орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлайды. «Жартытөбе ауылдық округіне қарасты Достық елді мекенін ауыз сумен қамту мақсатында республикалық бюджеттен қаржы қаралып, құрылыс жұмыстарын «Универсал Строй Сервис» ЖШС жүзеге асырды. Жоба аясында сыйымдылығы 500 текше метр болатын 2 су резервуары, бірінші және екінші көтерілімдегі насостық станциялар, сондай-ақ қуаттылығы 63 кВА трансформатор қондырғысы орнатылды. Нәтижесінде 890 абонент таза ауыз сумен қамтылды» делінген баспасөз хабарламасында.

Аталған нысанның іске қосылуына арналған салтанатты шараға Сарыағаш ауданының әкімі Арман Абдуллаев, аудандық мәслихат депутаттары, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.

Салтанатты жиында ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, аудан басшысына алғыстарын білдірді. Айта кетейік, биыл Сарыағаш ауданында жалпы 8 елді мекен орталықтандырылған ауыз су жүйесіне қосылды. Ауыз сумен қамту деңгейі 12,76 пайызға артып, 92,1 пайызды құрады.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Кәсіподақ мүшелері үшін құқықтық білім беру семинары өтті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасының орынбасары А.Бахтыбаев Түркістан қаласындағы «Ерқанат Тәңірбергенов атындағы Түркістан индустриалды-техникалық колледжінің»…
Толығырақ

Үйлестіру кеңесі өтті

«Түркістан облысы кәсіподақтар орталығы» аумақтық кәсіподақтар бірлестігінің төрағасы Бердіғали Өмірәлінің төрағалығымен Үйлестіру кеңесінің кезекті отырысы өтті. Жиынға салалық…