Инвесторлармен кездесу өтті

«Шетелдік инвесторға түркістан облысының инвестициялық мүмкіндіктері таныстырылды» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров «China Wuhan Chengye Culture & Tourism Co., Ltd.» компаниясының заңды өкілі Чен Гаомен ZOOM платформасы арқылы онлайн кездесу өткізді. Кездесу барысында тараптар екіжақты әріптестік орнату, өңірге инвестиция тарту және мәдени-туризм саласындағы бірлескен жобаларды жүзеге асыру мәселелерін жан-жақты талқылады. Кездесу қорытындысында тараптар өзара ынтымақтастықты нығайтып, нақты жобалар бойынша жұмысты жалғастыруға ниетті екенін білдірді.

«Аймақ басшысы Түркістан облысының инвестиция тарту бағытында республика көлемінде көшбасшы өңірлердің бірі екенін атап өтіп, соңғы жылдары жүзеге асырылып жатқан ірі жобалар мен қолайлы инвестициялық ахуал туралы мәлімет берді. Сондай-ақ инвесторларға арналған индустриалды аймақтар мен арнайы экономикалық алаңдардың мүмкіндіктерін таныстырып, инфрақұрылыммен қамтамасыз ету, мемлекеттік қолдау тетіктері жөнінде кеңінен ақпарат ұсынды» дейді облыс әкімінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Х. Ақпарат.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Мемлекет басшысы: Алғыс айту күні халқымыздың ізгі қасиеттерін жадымызда жаңғыртады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың қазақстандықтарды Алғыс айту күнімен құттықтады, деп хабарлайды Ақорда. ҚазАқпарат құттықтаудың толық мәтінін жариялады. Құрметті…