Маңғыстауда газ стансаларында жүргізушілер әлі де кезекте тұруға мәжбүр

Аймаққа Шымкент, Атырау мен Жаңаөзендегі зауыттардан қосымша 1784 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінген.

Маңғыстау облыстық энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасы берген мәліметке сүйенсек, өңірде 462 автогаз құю станциясы бар. Маңғыстау облысына ай сайын 18 мың тонна сұйытылған газ жеткізіледі. Оның 16 мың тоннасы Жаңаөзендегі газ өңдеу зауытынан, тағы 2 мың тоннасы Атырау мұнай өңдеу зауытынан келеді.

-Облыста газ тапшылығының алдын алу үшін, қосымша газ бөлу туралы шешім қабылданды. Осылайша, биылғы қараша айына қосымша көлем ретінде – 1784 тонна сұйытылған мұнай газы бөлінді. Оның 300 тоннасы Жаңаөзен қаласындағы зауыттан, 828 тоннасы Шымкент қаласынан ал, 656 тоннасы Атыраудағы зауыттан. Бұл шара өңірді газбен қамтамасыз ету бойынша жағдайды тұрақтандыруға мүмкіндік береді, – делінген хабарламада.

Айта кетейік, Ақтау қаласында газ тапшылығы әлі де бар. Газ құю бекеттерінің басым бөлігі жабық. Ал, сұйытылған мұнай газы барларында кезек. Көлік жүргізушілер шамамен 1 сағат кезек күтуге мәжбүр.

Осыған дейін «Қазмұнайгаз» компаниясының басқарма төрағасы Асхат Хасенов Ақтаудағы жанармай стансаларында сұйытылған газдың тапшылығы туралы пікір білдірген еді.

«Энергетика министрлігінің кестесінде көрсетілген көлемнің бәрін бөліп отырмыз. Тіпті кестеден озып өндіріп жатырмыз. Өндірген газдың бәрін ішкі нарыққа бағыттап отырмыз. Ал қазіргі кезек мәселесі кезең сайын болып тұрады. Мәселе тарату тәртібінде. Өндіруші ретінде сұйытылған газдың бәрін ішкі нарыққа жеткізіп отырмыз», – деді Асхат Хасенов.

Аягөз Ізбасарова

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Ордабасының ісі оңға басып тұр

Түркістан облысына инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу, шет мемлекеттермен тәжірибе алмасу бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді. Ордабасы ауданында…