НҰРАЛХАН КӨШЕРОВ ТҰРҒЫНДАРДЫҢ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров азаматтарды жеке қабылдап, олардың өтініш-талаптарын тыңдады. Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша қабылдауға Түркістан, Кентау, Арыс қалалары мен Сарыағаш, Мақтаарал аудандарынан келген тұрғындар, негізінен, әлеуметтік көмек, жер мәселесі, тұрғын үй сапасы және инфрақұрылымға қатысты мәселелерді көтерді.

Кентаулық азамат Кентау қаласынан мүгедектігі бар балаларға арналған инклюзивті орталық салу бойынша ұсынысын айтып, ғимараттарға пандус орнату, мемлекет тарапынан берілетін қажетті қолдауларды алу мәселелерін көтерді. Облыс басшысы мүмкіндігі шектуелі азаматтардың қолайлы өмір сүруіне барлық жағдай жасалу керек екенін айтып, жауапты тұлғаларға зерделеу жұмыстарын жүргізуді тапсырды. Түркістандық кәсіпкер коммуналдық мемлекеттік мекемеге қарасты балабақшаны сенімгерлік басқаруға беру мәселесін қозғаса, тағы бір тұрғын жекеменшік балабақшасын қаржыландыруды сұрады. Одан бөлек, Түркістандағы тұрғын үйлердегі ақаулықтарды ретке келтіру, Мақтараал ауданындағы кеден бекеті маңындағы заңсыз құрылыстар, газ нысанын тарту, жұмыс және өзге де өзекті мәселелерді ортаға салды.

Нұралхан Көшеров тұрғындар көтерген әрбір мәселе назардан тыс қалмайтынын жеткізді. Ұсыныстар мен өтініштерді жеке зерделеп, тиісті басқарма басшылары және аудан, қала әкімдерімен бірге шешу жолдарын қарастырды. Кейбір мәселелер сол мезетте шешімін тапса, күрделі мәселелер бақылауға алынып, заң аясында шешу жолдары қаралатын болды.

Айта кетейік, облыс әкімі мен оның орынбасарлары азаматтарды жеке қабылдауды тұрақты түрде жалғастыратын болады. Жеке қабылдауға жазу жұмыстарын Түркістан облысы әкімі аппаратының өтініштерді қарауды бақылау бөлімі жүргізеді. Қабылдауға egov.kz порталы, е-otinish бірыңғай базасы арқылы және «Ашық әкімдік» кеңсесіне келіп, жазбаша өтініш тастау арқылы жазылуға болады.

Homepage

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Әскерге келетін жастар алған біліміне қарай қандай бөлімшелерге бағытталады

Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылатындарға қандай талаптар қойылатынын түсіндірді. «Мерзімді әскери қызметке шақырылатындар туралы айтатын болсақ, іріктеу кезіндегі негізгі…
Толығырақ

МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ

Жуырда Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық терроризмге қарсы…