Ордабасының ісі оңға басып тұр

Түркістан облысына инвестиция тарту, кәсіпорындар ашу, шет мемлекеттермен тәжірибе алмасу бағытындағы жұмыстар өз нәтижесін беріп келеді.
Ордабасы ауданында қыш зауытының қазығын қағылды. Зауытта Қытай елінің тәжірибесі мен жоғары технологиясы қолданылады.
–Шетелдің озық технологияларын меңгеріп, батыл шешімдер қабылдау керек. Бұл зауыттың жоспарланған мерзімде ашылуы қадағаланады. Жұмыс істеймін, халықты жұмыспен қамтимын дейтін инвесторлар мен кәсіпкерлерімізге қолдау көрсетіледі.
Өңірде мақта кластерін құру бағытында ауқымды жұмыстар атқарылып жатқанын айтып өткім келеді. Шаруаларға өнім сапасын арттыруға, инвесторлар тартуға жан-жақты қолдау көрсетіп жатырмыз, — дейді облыс әкімі Дархан Сатыбалды.
Облыс әкімі Ордабасы ауданына іссапар барысында Төрткүл ауылында орналасқан мақта өңдеу зауытында болды. Мақта алқабында сапалы түркиялық ұрықтар егіледі. Кәсіпкер келесі жылдан бастап 250 гектар аумаққа тамшылатып суару техникаларын ендіру арқылы өнімділікті арттыруды көздеп отыр. Мұнда 300-ден аса азамат еңбектенеді. Заутта өндіріліетін мақта талшығы Балтық жағалауы елдеріне, Ресей және Беларусь мемлекеттеріне экспортқа шығарылуда.
Бұдан бөлек, Ордабасыдағы «Бадам» индустриалды аймағында жаңа инвестициялық жобалардың құрылысы қолға алынған. Бүгінде мұнда алюминий профиль бұйымдарын өндіру зауытының құрылысы жүргізілуде. Жобаның І кезеңі келесі жылы іске қосылып, 200 жаңа жұмыс орны ашылады. Ал ІІ кезеңі іске қосылғанда 150 азамат жұмыспен қамтылмақ.
Индустриалды аймақта газоблок шығаратын зауыттың да құрылысы қарқынды жүргізілуде.
Осы күні балалар ойын алаңшаларын шығаратын зауыт пен инновациялық темірбетон шығару зауытының, металл өнімдерін өндіру жобасының құрылысмен таныстым. Өндіріс орындарын ашуға әкімдік тарапынан жан-жақты қолдау көрсетеміз. Кәсіп иелерінен де сапалы жұмысты талап етеміз.
Хабар-like ақпарат.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts