Бәйдібек аудандық полиция бөлімінің мәжіліс залында Түркістан облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Меруерт Әбдіқадырқызының төрағалығымен жедел кеңес өтті. Жиын барысында орын алған кемшіліктер сыни тұрғыда талданып, мал ұрлығы мен алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстарын күшейту қажеттігі атап өтілді. Бұл туралы Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі хабарлады.
Кеңесте полиция бөлімінің 2025 жылда атқарған жедел-қызметтік жұмыстарының қорытындылары мен жеке құрам арасындағы тәртіп пен заңдылықтың жай-күйі қаралды.
«Кеңес қорытындысымен құқықбұзушылықтың алдын алу, қылмыстарды ашу және криминогендік жағдайды жақсарту бағытында қосымша іс-шаралар ұйымдастыру, сондай-ақ «мал ұрлау» және «алаяқтық» қылмыстары бойынша жұмыстарды қатаң бақылауға алу туралы шешім қабылданды» деп хабарлайды баспасөз қызметі.