РУХЫ БИІК ТҮРКІСТАН ЖАСАМПАЗДЫҚ ЖОЛЫН ТАҢДАЙДЫ!

Жаңа Конституцияның жауапты әрі жасампаз отаншылдық идеясына ұйысқан азаматтардың қатысуымен Түркістан қаласындағы «KHANSHAIYM PLAZA» сауда және ойын-сауық орталығы қоғамды біріктірген маңызды алаңға айналды. Мұнда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» жалпыұлттық коалициясының өкілдері орталық қызметкерлерімен және қала тұрғындарымен ашық форматта пікір алмасып, жаңа Ата заңның мазмұны мен маңызын түсіндіретін ақпараттық парақшалар таратты.

Қоғамның жаңа толқын жастары мен жүрек қалауымен ортақ іске жұмылған еріктілер тағдыршешті кезеңде азаматтардың үнін тыңдап, алдағы референдумның ел болашағын айқындайтын тарихи мүмкіндік екенін атап өтті. Олар Конституция айқындаған мемлекеттің дербестігі, ұлттың азаттығы мен қоғамның еркіндігі – ешқашан ештеңеге айырбасталмайтын ұлы құндылықтар екенін ерекше жеткізді.

Іс-шараға Коалицияның Түркістан өңірлік филиалы төрағасының орынбасары Алтынсары Үмбетәлиев қатысып, орталыққа келушілермен және кәсіпкерлермен жаңа Конституцияның құқықтық нормалары жөнінде еркін сұхбат құрды. Қоғамдық орындарда ақпараттық материалдар орналастырылып, азаматтардың сауалдарына жан-жақты жауап берілді. Өз сөзінде Алтынсары Дүйсенбекұлы елдің болашағы әр азаматтың саналы таңдауына байланысты екенін атап өтіп, Жаңа, Әділетті, Таза Қазақстан құру – ұлт алдындағы қасиетті міндет екенін баса айтты.

Жеті Жарғыдан бастау алған тарихи рухы бар Түркістан жасампаздық жолын таңдап, Жаңа Конституцияны қолдайды деп сенеміз.

Amanat партиясы Түркістан облыстық филиалы

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Депутаттардың конференциясы өтті

Түркістан төрінде Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына арналған «Әділетті Қазақстанды құруда мәслихаттардың рөлі: тарих, бүгін және болашақ» атты ғылыми-практикалық…
Толығырақ

Келісімге қол қойылды

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүргізіліп келеді. Биыл облыста 33 инвестициялық жоба іске қосылып, 4793 жұмыс орны ашылған.…