САПАЛЫ ЖОЛ – ҚОҒАМ СҰРАНЫСЫ

Жол сапасын жақсарту – «AMANAT» партиясының Сайлауалды бағдарламасына енген маңызды басымдық. Сапалы жол экономикалық өсімге жол ашатын және азаматтардың тұрмыс жағдайын жақсартуға серпін беретін фактор.

Партияның Түркістан облыстық филиалы бекіткен Жол картасында облыс көлемінде жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының үлесін 2027 жылға қарай 96 пайызға дейін жеткізу міндеті қойылған. Осы арқылы аймақаралық логистиканың дамуына серпін беру, ауданаралық және ауыл жолдарының жағдайын жақсарту міндеті белгіленген.

Биылдың өзінде Түркістан облысында 1200 шақырымнан астам жолдар мен көшелерге құрылыс-жөндеу жұмыстарын жүргізу жоспарланса, жыл соңына дейін оның 951 шақырымнан астамы пайдалануға беріледі деп межеленген. Қазіргі таңда облыстық маңызы бар 225,2 шақырым жолдың құрылыс-жөндеу жұмыстары атқарылуда. Одан бөлек, аудандық маңызы бар 130,7 шақырым көшеге, елді мекендердегі 885,6 шақырым жолға жөндеу жұмыстары қолға алынған. Сондай-ақ, «Ауыл – ел бесігі» бағдарламасы аясында 140 елді мекенде жалпы ұзындығы 395,5 шақырым көшеде құрылыс жұмыстары басталған. Жыл қорытындысымен жергілікті маңызы бар жолдардың жақсы және қанағатты жағдайдағы үлесін 94,7 пайызға жеткізу жоспарланған.

Азамаnтардың жол құрылысы саласына қатысты сауалдары мен жол сапасын арттыру бойынша партия белгілеген міндеттердің орындалуы Түркістан облыстық мәслихатындағы фракция депутаттарының отырыстарында, партиялық алаңда тоқсан сайын өтетін кеңестердің мәжілістерінде тұрақты қаралып, өзекті деген мәселелердің орындалуы партиялық бақылауға алынады.

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Киберқауіпсіздік: азаматтарға алдын алу шаралары түсіндірілді

Түркістан облысында алаяқтың алдын алу мақсатындағы тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстары күшейтілуде. Келестік полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарымен кездесіп,…
Толығырақ

Сарыағашта тағы бір нысан ашылды

ҚР ҰҚК Түркістан облысы бойынша департаменті Сарыағаш аудандық басқармасының ғимараты пайдалануға берілді. Бұл нысанда қауіпсіздік қызметкерлеріне қолайлы жағдай…
Толығырақ

Келісімге қол қойылды

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүргізіліп келеді. Биыл облыста 33 инвестициялық жоба іске қосылып, 4793 жұмыс орны ашылған.…
Толығырақ

Полиция қызметкерлері интернет-алаяқтықтың алдын алу бойынша профилактикалық шара өткізді

Интернет-алаяқтықтың алдын алу мақсатында Сайрам ауданының полиция басқармасы қызметкерлері аудан аумағында профилактикалық іс-шара өткізді. Іс-шара барысында полиция қызметкерлері…