Шардарада әкімшілік ғимараты ашылды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ауылдарды дамыту, ауыл әкімдіктерінің жұмысын жүйелеу жөнінде тапсырмалар берген болатын. Түркістан облысында осы бағытта жұмыстар жалғасып жатыр.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметінің хабарлауынша Шардара ауданы, Ұзын-Ата ауылдық округінде жаңа әкімшілік ғимараты ашылған. Салтанатты шараға аудан әкімі Арман Қарсыбаев қатысып, ауыл тұрғындарын жаңа ғимараттың ашылуымен құттықтады. Ауыл ақсақалдары ақ батасын беріп, ел игілігіне пайдаланылатын нысанның жұмысына сәттілік тіледі.

Шара барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына елеулі үлес қосқан, ауданға еңбегі сіңген ардагерлер «Шардара ауданына 60 жыл» мерейтойлық медалімен марапатталды.

Әкімшілік ғимарат 2 қабатты, жалпы ауданы 232 шаршы метрді құрайды. Ғимаратта 7 бөлме бар, 18 қызметкерге арналған. Құрылыс жергілікті бюджет есебінен жүргізілді.

Айта кетейік, нысанның құрылысы 2022 жылы басталып, қаржыландыру мәселелеріне байланысты 2025 жылға өтпелі болған. Бүгінде ғимарат толық пайдалануға беріліп, ауыл халқы үшін қызмет көрсететін болады.

habarlike.kz

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

ОЛЖАС БЕКТЕНОВ ПРЕЗИДЕНТ ТАПСЫРМАСЫ БОЙЫНША ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНЫҢ АКТИВІНЕ ЖАҢА ӘКІМДІ ТАНЫСТЫРДЫ

Премьер-министр Олжас Бектенов пен Президент Әкімшілігінің басшысы Айбек Дәдебай Түркістан облысы мәслихаттары депутаттарының жиналысына қатысты. Депутаттарға Мемлекет басшысының…
Толығырақ

Заңды процестік шешім қабылданды

Жуырда Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес, 26 қыркүйекте облыс әкімдігі мамандары мен Полиция департаментінің қызметкерлері және…