Төле биде криминогендік жағдай талқыланды

Аудан көлеміндегі криминогендік жағдай және құқық бұзушылықтардың алдын алу бағытында аудан прокуроры Дабыл Аянұлының ұйымдастыруымен Жастар ресурстық орталығының мәжіліс залында жиналыс өтті. Бұл туралы Төлеби аудандық мәслихатының баспасөз қызметі хабарлады. Жиында кәмелетке толмағандармен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ жол-көлік оқиғаларын болдырмау мәселелері талқыланды. Жиында криминогендік ахуалды жақсарту және профилактикалық шараларды күшейту жөнінде тиісті шаралар белгіленді.

«Жиналысқа аудан әкімінің орынбасары Бағдат Жанғазиев, аудандық мәслихаттың төрағасы Нұрлан Қойбағаров, «AMANAT» партиясы аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаров, аудандық мәслихат депутаты Бердіғали Өмірәлі қатысты» деп хабарлайды баспасөз қызметі.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Қазығұрттағы қызықты сайыс

«Қазығұрт ауданында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді ұлықтап, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін «Ауылдағы бір күнім» атты реалити-шоу сайысы өтті» деп…
Толығырақ

Киберқауіпсіздік: азаматтарға алдын алу шаралары түсіндірілді

Түркістан облысында алаяқтың алдын алу мақсатындағы тұрғындар арасында профилактикалық түсіндіру жұмыстары күшейтілуде. Келестік полиция қызметкерлері ауыл тұрғындарымен кездесіп,…