Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 1200 гектар аумаққа егіліп жатқан сексеуіл отырғызу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда, бұл алқап 400 мың түптен аса сексеуіл көшетімен толықтырылды. Одан бөлек 900 гектар аумақта күзгі тұқым себу жұмыстарына жер дайындалып, 6 000 келі сексеуіл тұқымы себілді. Мамандар сексеуіл алқабын ұлғайту туралы ұсыныстары мен пікірлерін айтты.
Дархан Сатыбалды «Шағын өнеркәсіптік парк» маңындағы «Жасыл белдеуде» ағашты күтіп-баптау, толықтыру жұмыстарының барысын тексерді. Бүгінгі таңда әуежай бағытындағы жолдың бойына 250 мың түп ағаш көшеті қосымша толықтырылып, отырғызылды. Отырғызылған көшеттерді желден қорғау мақсатында 32 мың түптен аса қада орнатылып, сым тарту және байлау жұмыстары жүргізілуде. «Жасыл белдеу» аумағында ағаштарды толықтыру, тіректерді жөндеу және жабайы шөптерден тазарту жұмыстары атқарылуда.
Өңір басшысы «Жасыл белдеуді» жайқалту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын сапалы атқару жөнінде тапсырмалар берді. Сонымен бірге нақты өсетін ағаш түрлерін ғана егуді жүктеді. Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауда болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Related Posts
Түркістандағы теміржол маңын туристік аймаққа айналдыру жоспары зерделенді
«Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Түркістан қаласындағы теміржол вокзалы маңы мен ескі шаһар аумағын аралап, бірқатар тарихи нысандардың…
Қыз жасауына кітап бергендер елді таң қалдырды
KAZINFORMнің хабарлауынша Насибахан Ибрагимова Әндіжан облысынан Қашқадария облысының Көкдала ауданына келіп болып түскен. Оның қыз жасауына қосып берілген…
МӘСЕЛЕЛЕР ТАЛҚЫЛАНДЫ
Жуырда Түркістан облысының әкімдігі жанындағы терроризмге қарсы комиссиясының кезекті отырысы өтті. Облыс әкімі Нұралхан Көшеров, облыстық терроризмге қарсы…
Білім қызметкерлерінің құқықтары талқыланған жиын өтті
«Шапағат-педагог» білім қызметкерлері жергілікті кәсіподағының төрайымы Гульнара Тлеубердиева №83 А.Байтұрсынов атындағы жалпы білім беретін мектебінің кәсіподақ мүшелерімен кездесу…