Түркістан облысының әкімі Дархан Сатыбалды 1200 гектар аумаққа егіліп жатқан сексеуіл отырғызу жұмыстарымен танысты. Қазіргі таңда, бұл алқап 400 мың түптен аса сексеуіл көшетімен толықтырылды. Одан бөлек 900 гектар аумақта күзгі тұқым себу жұмыстарына жер дайындалып, 6 000 келі сексеуіл тұқымы себілді. Мамандар сексеуіл алқабын ұлғайту туралы ұсыныстары мен пікірлерін айтты.
Дархан Сатыбалды «Шағын өнеркәсіптік парк» маңындағы «Жасыл белдеуде» ағашты күтіп-баптау, толықтыру жұмыстарының барысын тексерді. Бүгінгі таңда әуежай бағытындағы жолдың бойына 250 мың түп ағаш көшеті қосымша толықтырылып, отырғызылды. Отырғызылған көшеттерді желден қорғау мақсатында 32 мың түптен аса қада орнатылып, сым тарту және байлау жұмыстары жүргізілуде. «Жасыл белдеу» аумағында ағаштарды толықтыру, тіректерді жөндеу және жабайы шөптерден тазарту жұмыстары атқарылуда.
Өңір басшысы «Жасыл белдеуді» жайқалту, көгалдандыру, абаттандыру жұмыстарын сапалы атқару жөнінде тапсырмалар берді. Сонымен бірге нақты өсетін ағаш түрлерін ғана егуді жүктеді. Бұл бағыттағы жұмыстар бақылауда болады.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Related Posts
Түркістанның экономикасы қарқынды дамуда
Түркістан облысында мақта, ет және жүгері кластері құрылып, терең өңдеу көрсеткіші ұлғаюда. Өңірде жүгері кластері бағытында Шардара ауданында…
Строительство дороги близится к завершению
По поручению акима Туркестанской области Нуралхана Кушерова в регионе ведётся работа по улучшению инфраструктуры и обеспечению качественными дорогами.…
Депутаттардың конференциясы өтті
Түркістан төрінде Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына арналған «Әділетті Қазақстанды құруда мәслихаттардың рөлі: тарих, бүгін және болашақ» атты ғылыми-практикалық…
Қазығұрт ауданы: Жаңабазар ауылдық округінде жеке қабылдау өткізілді
Ағымдағы жылдың 8 желтоқсан күні «Заң мен тәртіп» қағидатын ілгерілету мақсатында Түркістан облысы Әділет департаментінің ұйымдастыруымен Жаңабазар ауылдық…