ЖЕТІСТІК БАР, ЖАУАПКЕРШІЛІК ЖОҒАРЫ

«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалында кеңейтілген аппарат мәжілісі өтті. Облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиевтің басшылығымен өткен жиында биылғы тоғыз айдың жұмыс нәтижелері қаралды, Сайлауалды бағдарламаны іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуына баға берілді. Мәжіліске облыстық партия филиалы төрағасының орынбасарлары, бөлім меңгерушілері, аумақтық партия филиалдарының төрағалары мен атқарушы хатшылары қатысты.
Мәжіліс жұмысын бастаған Алтынсары Дүйсенбекұлы биылғы тоғыз айда партия қатарына 2769 адам қабылданып, партия мүшелерінің саны 85757 адамға жеткенін хабарлап, жоспар 198 пайызға орындалғанын атап өтті.
⚜️«- Азаматтардың партияға деген сенімі нығайып келеді. Есепті мерзімде қоғамдық қабылдау бөлмелеріне 12856 арыз-өтініш келіп түссе, оның 8477-сі немесе барлық өтініштердің 66 пайызы оң шешілді, қалған 34 пайызына заң аясында кеңестер берілді. «Қарызсыз қоғам» бойынша, 8 мыңнан астам адам оқытылды. Оның ішінде: 90 күннен асқан қарызы бар 2291 адам – офлайн, 4311 адам – онлайн оқытылды. «Жер аманаты» бойынша, 81,9 мың гектар жер қайтарылып, жоспар 199,8 пайызға артығымен орындалды. «Ауыл аманаты» бойынша, 2023 жылы берілген несиелердің қайта-қайтаруынан 3,1 миллиард теңгеге 411 жоба қаржыландырылды. Ағымдағы жылға республикалық бюджеттен 7,4 млрд теңге қаралған. Бүгінгі таңда, бірінші транш аясында 1,4 млрд теңге қаражат облысқа келіп түсті. «Таза бейсенбі» жобасы аясында облыстың аудан, қалаларында 39 учаске тазаланып, оған тоғыз жарым мыңға жуық партия мүшесі қатысты. Аталған акция аясында Түлкібас, Сайрам, Ордабасы, Сауран аудандарында республикалық «Road эстафетасының» жоғарғы деңгейде өткізілуіне атсалысқан аумақтарға алғыс айтамын», — деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.
Сондай-ақ облыс көлеміндегі ауылдық округ әкімдерінің сайлауы бойынша деректер айтылып, биылғы І жартыжылдықта өткен 38 ауылдық округ әкімдерінің сайлауында 37 партияласымыз жеңіске жеткені айтылды. Ал ІІ жартыжылдықта барлығы 33 ауылдық округ әкімдерінің сайлауы өтеді деп жоспарланса, бүгінгі күнге дейін 30 ауылдық округ әкімі сайланып, оның барлығында партия кандидаттары жеңіске жеткен. Қалған ауылдық округ әкімдерінің сайлауы бойынша және мәслихаттардағы шығып қалған депутаттардың орнына сайлау тағайындалуына қатысты аумақтық партия филиалдарына бірқатар тапсырмалар жүктелді.
⚜️Партияның Сайлауалды бағдарламасын іске асыру жөніндегі Жол картасының орындалуы жөнінде облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары, облыстық Әйелдер қанатының жетекшісі Қалыйма Жантөрееваның хабарламасы тыңдалды.
«- Жол картасында ағымдағы жылы 121 іс-шараның орындалуы көзделген. Үстіміздегі жылдың 9 айында аталған іс-шаралардың 66-сы немесе жоспардың 55 пайызы орындалған, 41 тармақ – орындалу үстінде болса, 14 тармақтың орындалуына барлық мүмкіндікті қарастыруымыз қажет. Жол картасының орындалуын аудан, қалалар бөлінісінде саралайтын болсақ: Шардара – 65,9, Ордабасы – 65,2, Сайрам – 63,4 пайызбен алдыңғы қатарда келе жатқан аудандар санатында. Жоспардың орындалуы бойынша 50 пайыздық деңгейдегі көрсеткіштер Кентау қаласында, Мақтаарал, Отырар, Келес аудандарында тіркеліп отыр. Сонымен қатар, Мақтаарал, Қазығұрт, Келес, Созақ аудандары мен Арыс қаласы партияның Сайлауалды бағдарламасын орындау бойынша жұмыстарын күшейтуі қажет», — деді Қалыйма Жантөреқызы.
⚜️Хабарламада әр аудан мен қалада Жол картасы бойынша атқарылып жатқан жұмыстардың талдауы жүргізіліп, өзекті деген мәселелері белгіленді. Партияның идеологиялық бағыты бойынша атқарылуы тиіс жұмыстар бағамдалып, аумақтарда Әйелдер қанатының бастамаларын жандандыру тапсырылды.
Аумақтық партия филиалдарының жұмыс нәтижелері және алдағы міндеттері туралы облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев хабарлама жасады. Жиында 8 бағыт бойынша қалыптастырылған рейтинг нәтижелері баяндалды. Аумақтық партия филиалдарының қызметіне партиялық жобалардың орындалуы,
Жол картасы тармақтарының іске асырылуы, партияішілік қызметтерді атқару, депутаттық фракциялармен жұмыс, БАҚ-пен байланыс және әлеуметтік желідегі белсенділік, қоғамдық қабылдау бөлмелерінің жұмыс нәтижелері, мәслихат депутаттары мен қала, ауылдық округ әкімдерінің сайлауы, париялық бақылау комиссияларының жұмыс тиімділігі тұрғысынан бағалаулар жүргізілді.
⚜️Полат Мұратұлы аталған бағыттар бойынша жеке тоқталып, партияның әр аумақтық филиалына берілген бағалармен таныстырды, бағалау жүргізудің критерийлерін ашып көрсетті.
«- Ағымдағы жылдың тоғыз айында атқарылған жұмыстарға жүргізілген ішкі талдаудың нәтижесінде рейтингтік көрсеткіште жинақталған баллдар бойынша партияның Сауран аудандық филиалы І-ші орынды иеленді. Арыс аумақтық партия филиалы ІІ-ші орынға табан тіресе, Сарыағаш аудандық партия филиалы ІІІ-ші орынға жайғасты. Түркістан қалалық және Жетісай аудандық партия филиалдары сәйкесінше төртінші және бесінші орындардан көрінді. Ал, Төлеби, Бәйдібек, Отырар, Созақ, Сайрам аумақтық партия филиалдары жұмысты ширатуы қажет», — деген бағасын берді Полат Тұрсынбаев.
⚜️Партияның ішкі жұмысын реттеуге арналған жиын барысында облыстық партия филиалының бас есепшісі Гүлназат Абдрахимова аумақтық партия филиалдарының шаруашылыққа және материалдық-техникалық базаға қатысты есептілікті жүргізу мәселелері бойынша хабарлама жасаса, облыстық партия филиалының партиялық бақылау инспекторы Асқар Еркінбеков партияның Төлеби аудандық филиалына жүргізілген талдау-зерделеу жұмыстарының нәтижесін баяндады.
Кеңейтілген аппарат мәжілісінде партияның Төлеби аудандық филиалының атқарушы хатшысы Шырынбек Оңғаровтың, Сайрам аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Сыздықовтың, Бәйдібек аудандық филиалының атқарушы хатшысы Қуаныш Қансейітовтың, Отырар аудандық филиалының атқарушы хатшысы Еркеғали Таңатаровтың, Созақ аудандық филиалының атқарушы хатшысы Талғат Сейдахметұлының есептері тыңдалып, аталған аудандарда партиялық жұмысты ширату бойынша нақты міндеттер жүктелді.
⚜️Жиын барысында облыстық партия филиалы атқарушы хатшысының орынбасары Полат Тұрсынбаев аумақтық партия филиалдарына жүктелетін жаңа тапсырмаларды таныстырды. Мәжілісті қорытындылаған облыстық партия филиалының төрағасы Алтынсары Үмбетәлиев тоғыз айдың қорытындысы бойынша атқарылған жұмыстардың нәтижесі оң бағалануға лайық екенін айтап өтті. Бірқатар бағыттарда нақты ілгерілеу байқалып, партияның қоғамдық ықпалы мен бастамаларының тиімділігі арта түскенін жеткізді.
«- Дегенмен, партиялық қызметті одан әрі жандандыру, ұжымдық тәртіпті күшейту, өңірлік деңгейдегі бастамалардың пәрменін арттыру сынды маңызды міндеттер алда тұр. Бұл біздің жауапкершілігімізді терең сезініп, қоғам мүддесіне бағытталған жүйелі жұмысты жалғастыруды талап етеді. Аумақтық партия филиалдары белсенділік пен бірліктің үлгісін көрсетіп, азаматтар сенімін ақтау жолында табанды еңбек етуі тиіс. Бүгін берілген тапсырмалардың орындалуы жеке қадағалауымда болады, 2025 жылды барлық көрсеткіштер бойынша жақсы нәтижелермен аяқтауымыз қажет», — деді Алтынсары Дүйсенбекұлы.
⚜️Жиын барысында айтылған барлық ұсыныстар мен тапсырмалар мәжілістің қорытынды шешіміне енгізіліп, олардың орындалуын облыстық партия филиалы жіті бақылауында ұстайды.
«AMANAT» партиясы Түркістан облыстық филиалының баспасөз қызметі
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Депутаттардың конференциясы өтті

Түркістан төрінде Қазақстан мәслихаттарының 30 жылдығына арналған «Әділетті Қазақстанды құруда мәслихаттардың рөлі: тарих, бүгін және болашақ» атты ғылыми-практикалық…
Толығырақ

Түркістандық полицей арулар Дүниежүзілік көшпенділер ойындарында жүлделі орындар алды

Астанада Түркістан облысы полиция департаментінің жылдам қимылдайтын арнайы жасағының аға инспекторлары Перизат Жақыпбекова мен Айнұр Ақжігітова белбеу күресінен…