КЕНТАУ ҚАЛАСЫНДА БИЫЛҒЫ ҚЫЗҒАЛДАҚТАР ЖАЙҚАЛДЫ

           Кентау қаласының орталық көшелеріне 2 мың дана қызғалдақ егілген. Бүгінде қызғалдақтар жайқалып, гүл ашты.
         Қызғалдақтар қаланың Қ.А.Ясауи кіші аллеясына және С.Сейфуллин көшесіне отырғызылған болатын. Алдағы уақытта қалалық «Жасыл қала» КММ-сі қызғалдақтың санын көбейтуді жоспарлап отыр.
Қала әкімі Жандос Тасовтың тапсырмасына сәйкес, қала және қалаға қарасты ауылдарда сенбілік өтті.
          Тазалық шарасына қала әкімдігіне қарасты бөлім және мекемелер, қоғамдық жұмыс қызметкерлері үлес қосты. Сенбілікте әр мекеме өзіне жүктелген аймақта тазалық жұмыстарын жүргізді.
         Бүгінде қаланың көшелері мен жаяу жүргіншілер жолдары, арық-атыздар қоқыстан тазартылды. Тазалық шарасына 5 техника мен 140-тан аса адам жұмылдырылып, 24,5 тонна қоқыс қала сыртындағы полигонға шығарылды.
Сенбілік барысында тал егу жұмыстары да жүргізілді. 2023 жылдың көктем айы бойынша 33440 көшет отырғызылды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Азаматтарға арналған Үкімет

Түркістан облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу қызметі саласындағы бақылау бөлімінің ұйымдастыруымен «Азаматтарға арналған Үкімет»…
Толығырақ

Келісімге қол қойылды

Түркістан облысының әлеуметтік-экономикалық дамуы қарқынды жүргізіліп келеді. Биыл облыста 33 инвестициялық жоба іске қосылып, 4793 жұмыс орны ашылған.…
Толығырақ

Қазығұрттағы қызықты сайыс

«Қазығұрт ауданында ұлттық мәдениет пен салт-дәстүрді ұлықтап, рухани-адамгершілік құндылықтарды дәріптейтін «Ауылдағы бір күнім» атты реалити-шоу сайысы өтті» деп…