ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫНДА ӨРТ СӨНДІРУ-ҚҰТҚАРУ СПОРТЫ БОЙЫНША ЖАРЫС ӨТТІ

Түркістан облысының құрылғанына 5 жыл толуына орай, Түркістан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің ұйымдастыруымен мемлекеттік емес өртке қарсы қызметтер арасында өрт-құтқару спорты бойынша жарыс өтті.
Іс-шараның негізгі мақсаты – облыс аумағындағы өрт сөндіру бөлімшелерінің жауынгерлік дайындығын әзірлікте ұстау және өзара іс-қимыл әрекеттерін ұдайы пысықтау.
Жарыс Түркістан қаласындағы облыстық департаменттің «Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі» мемлекеттік мекемесінің Түркістан қаласындағы № 39 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің ауласында өтті. Жарысқа қатысушы командалар өртті сөндіру, дабыл бойынша жиналу, үш иінді сатымен көтерілу сияқты кезеңдерден бақ сынасты. Ойынға жалпы 6 команда қатысты.
Жарыс нәтижесінде үздіктер анықталып, І орынды «Комплекс Услуг Безопасности Астана» командасы иеленді. ІІ орыннан «АзияТехПожСервис» ЖШС қызметкерлері көрінсе, ІІІ орынды «Волковгеология» АҚ қызметкерлерінен құрылған команда қанжығаларына байлады. Жүлделі орынға ие болған командаларға арнайы дипломдар мен кубоктар және бағалы сыйлықтар табысталды.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Total
0
Shares
Пікір үстеу

Э-пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Міндетті өрістер * таңбаланған

Related Posts