Ардагерлер Жолдаудағы міндеттерді саралады

Түркістанда Республика күні қарсаңында Түркістан облыстық ардагерлер кеңесінің кезекті Пленумы өтті. Күн тәртібінде Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Жасанды интеллект дәуіріндегі Қазақстан: өзекті мәселелер және оны түбегейлі цифрлық өзгерістер арқылы шешу» атты Жолдауын орындау барысы, сондай-ақ ұйымдық мәселелер қаралып, алдағы атқарылатын жоспарлар талқыланды.

Пленумға облыстық басқармаларының басшылары, зиялы қауым өкілдері, аудандық, қалалық «Әкелер мектебінің» төрағалары, «Әжелер алқасының» төрайымдары қатысты.

Жиында облыстық ардагерлер кеңесінің төрағасы Жеңісбек Мәуленқұлов, облыстық мәслихаттың төрағасы Нұралы Әбішов, Түркістан облысы прокуронының бірінші орынбасары Саян Келдібеков, пленум мүшесі Абдулла Ахметов, облыстық қоғамдық даму басқармасының міндетін атқарушы Болат Жанәбіл баяндама жасап, жастар тәрбиесі және инвестиция тарту, партиялардың рөлін арттыру, алдағы Парламент сайлауына дайындық барысы, сондай-ақ «Заң және тәртіп» қағидасы бойынша кеңінен тоқталды.

Пленум барысында өзге де баяндамашылар сөз сөйлеп, Жолдаудағы басым бағыттарға тоқталып, оны жүзеге асыруда ел болып жұмылып әрекет ету керектігін жеткізді.

Маңызды басқосу соңында ел ағалары тарапынан елді игі іске ұйыстыру, Жолдаудағы тапсырмаларды орындау бағытында жұмыс атқару жөнінде шешім қабылданды.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Әкелер мектебінің ауқымды тірлігі

Түркістан облыстық ардагерлер кеңесі жанынан құрылған «Әкелер мектебі» әлеуметтік, құқықтықұ, рухани мәдениет саласында ауқымды тірліктер атқарып келеді. Әкелер…
Толығырақ

СТАМБҰЛДАҒЫ АРАСТА БАЗАРЫ

Сұлтанахмет мешітінің алаңына жақын маңда орналасқан Араста базарының тағы бір атауы – Атты әскерлер базары. Осман империясы кезінде…