Қазығұртта ауызсу жүйесі іске қосылды

«Қазығұрт ауданына қарасты Қызылқия ауылы округінің Атажұрт ауылында – Республика күні мерекесі қарсаңында, сондай-ақ «Заң мен тәртіп» тұжырымдамасын іске асыру аясында мемлекет меншігіне қайтарылған активтер есебінен орталықтандырылған жаңа ауыз су жүйесі пайдалануға берілді» деп хабарлайды Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Аталған нысанның құрылысы мемлекетке прокуратура органдары арқылы қайтарылған активтер есебінен қаржыландырылды. Бұл – заң үстемдігін қамтамасыз етіп, қайтарылған қаражатты халық игілігіне бағыттаудың нақты үлгісі.

Шараның салтанатты ашылу рәсіміне аудан әкімі Азизхан Исмаилов, аудан прокуроры Руслан Абдраимов, «AMANAT» партиясының Түркістан облыстық филиалының төрағасы Алтынсары Үмбеталиев ауыл тұрғындары мен зиялы қауым өкілдері қатысты.

Орталықтандырылған жаңа су жүйесінің іске қосылуы Атажұрт ауылындағы 1000-нан астам тұрғынды сапалы ауызсумен қамтамасыз етіп, жайлы өмір сүру жағдайларын жақсартуға және өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсерін тигізері анық.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Жол сапасы қатаң бақылауда

Түркістан облысы әкімінің бірінші орынбасары Зұлпыхар Жолдасовтың төрағалығымен кезекті штаб отырысы өтті. Күн тәртібінде облыстық жолаушылар көлігі және…
Толығырақ

ПАРТИЯ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ АМАНАТЫ

Мемлекет басшысы еліміздің білім саласын жаңғыртуды стратегиялық басымдық ретінде атап, «Келешек мектептері» жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Әр балаға…

Чтобы молодежь не сбилась с пути…

В Туркестанской области вопросам образования, грамотности, дисциплины и светлого будущего молодежи уделяется особое внимание. В рамках проекта «Салауатты…