Түркістан облысында отбасылық зорлық-зомбылықтың алдын алу шаралары қолға алынуда

Жыл басынан бері облыстық полиция департаментіне тұрмыстық зорлық-зомбылық туралы 5 000-ға жуық хабарлама келіп түскен. Олардың барлығы бойынша тексеру жұмыстары жүргізілді. Тұрмыстық зорлық-зомбылық құрбандарын қорғау мақсатында полиция қызметкерлері 3 153 қорғау нұсқамасын шығарды. Бұл туралы өткен брифингте облыстық полиция департаменті отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес бөлімінің басшысы Жанар Қалабаева мәлімдеді.

«Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылықтың алдын алу мақсатында жыл басынан бері облысымызда 2 кезеңде «Тұрмыс» және «Есептегі тұрған тұлғалар» жедел-профилактикалық іс-шаралары өткізілсе, 20 сәуір мен 20 маусым аралығында «Отбасындағы зорлық-зомбылықсыз – Қазақстан!» атты челлендж-флешмоб форматында акция ұйымдастырылды. Сондай-ақ, 27 тамыз бен 10 қыркүйек аралығында «Бақытты отбасы – бақытты ел» акциясы өтті. Сонымен қатар, әр аптаның демалыс күндері барлық қала, аудандарда «Бір нүктелік» профилактикалық іс-шаралары өткізілуде. Атқарылған жұмыстар нәтижесінде аса ауыр қылмыстар көрсеткіші 87,5%-ға азайды. Полиция департаментінің өтініші бойынша соттар құқық бұзушылардың мінез-құлқына қарай 591 тұлғаға арнайы талаптар белгіледі. Қазіргі таңда үкіметтік емес ұйымдармен тығыз қарым-қатынаста жұмыстар атқарылуда. Бүгінгі таңда облысымызда тұрмыстық зорлық-зомбылықтан зардап шеккендерге дағдарыс орталықтары көмек көрсетуде. Тәртіп сақшылары мекенжайы бойынша отбасыларды аралап, мемлекеттің көмегіне мұқтаж 58 отбасын анықтады» — деп баяндады спикер.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Үш ауылға ауызсу берілді

25 қазан – Республика күні қарсаңында Ордабасы ауданы Қараспан ауыл округіне қарасты Жұлдыз, Мәдениет және Ынтымақ ауылдарында көптен…
Толығырақ

ПАРТИЯ МЕН ХАЛЫҚТЫҢ АМАНАТЫ

Мемлекет басшысы еліміздің білім саласын жаңғыртуды стратегиялық басымдық ретінде атап, «Келешек мектептері» жобасын жүзеге асыруды тапсырды. Әр балаға…