Үш ауылға ауызсу берілді

25 қазан – Республика күні қарсаңында Ордабасы ауданы Қараспан ауыл округіне қарасты Жұлдыз, Мәдениет және Ынтымақ ауылдарында көптен күткен таза ауыз су жүйесі пайдалануға берілді.

Сәуір айында басталған жобаның жалпы құны 222,962 миллион теңгені құрайды. Жобаны «Карат-Z» жауапкершілігі шектеулі серіктестігі жүзеге асырған.

Салтанатты шараға аудан әкімі Азат Оралбаев, аудандық мәслихаттың төрағасы Бақдәулет Жұмабеков, аудан прокуроры Абзал Қыдырбай және ауыл тұрғындары қатысты.

Жиын барысында аудан басшысы сөз сөйлеп, тұрғындардың қуанышымен бөлісті.

Ауыл ақсақалдары елді мекенге таза ауыз су тарту ісіне ұйытқы болған аудан басшылығына және құрылыс жұмыстарына атсалысқан азаматтарға ризашылықтарын білдіріп, ақ баталарын берді.

Айта кетейік, бұл ауыз су құрылысы – мемлекетке қайтарылған активтер есебінен жүзеге асырылған аудандағы екі әлеуметтік жобаның бірі.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

 

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

По поручению акима в Туркестанской области усилен контроль за соблюдением прав несовершеннолетних

В Туркестанской области в соответствии с поручением акима проводится усиленный мониторинг и комплексные проверки соблюдения прав несовершеннолетних, направленные…
Толығырақ

Әлеуметтік қызметтер порталындағы сапаны бақылау және алаяқтықтың алдын алу үшін маңызды хабарлама

Әлеуметтік қызметтер порталы (ӘҚП) — мүгедектігі бар азаматтарға оңалтудың техникалық құралдары мен әлеуметтік қызметтерді ыңғайлы форматта алу мүмкіндігін…