Қазығұртта сәндік ағаштар егілді

Қазығұрт ауданында экологиялық мәдениетті қалыптастыру және елді мекендер аумағын таза ұстау мақсатында «Таза Қазақстан» республикалық бағдарламасы аясында кең көлемді сенбілік ұйымдастырылды. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

Жалпы аудандық сенбілікке 1300-ге жуық тұрғын қатысты. Аталған шара Қазығұрт ауданына қарасты барлық 13 ауыл округін қамтыды. Сенбілікке аудан әкімі Азизхан Исмаилов, мемлекеттік қызметкерлер, мекеме мамандары, ауыл тұрғындары және жастар белсене атсалысты.

Тазалық жұмыстары барысында Қазығұрт елді мекенінің кіреберісіндегі монумент айналасына 70 түп арша көшеті егілді. Сонымен қатар көше бойлары мен қоғамдық орындар қоқыстан тазартылды.

Сенбілікте аудан әкімі қатысушыларға алғысын білдіріп, экологиялық жауапкершілік пен ұжымдық бірліктің маңыздылығын атап өтті.

Сенбілікке арнайы техникалар мен жүк көліктері жұмылдырылып, жиналған қалдықтар белгіленген полигондарға шығарылды.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістанның өнімі көпке танымал

Алғаш тәуелсіздік алған жылдары еліміз біршама қиындыққа ұшырағаны рас. Экономикамыз құлдырап, ауылдар тозып, халық қалаға шұбырып, қолына ілінгенін…
Толығырақ

«Қыран елім – Қазақстаным»

Түркі әлемінің рухани астанасы – Түркістан қаласында 25 қазан – Республика күніне арналған «Қыран елім – Қазақстаным!» салтанатты…
Толығырақ

Тұңғыш теміржолшының тағдыры

1930 жылдың 1 мамырында Түркістан-Сібір теміржолының ашылу салтанаты өтті. Шойын жолмен ең алғашқы болып құрылыс заттарын артқан Э-1441 паровозы…