Түлкібаста 30 ауылдың ауыз су жүйесі реттеледі

«Түркістан облысы Түлкібас ауданында халықты сапалы әрі үздіксіз ауыз сумен қамту мақсатында ауқымды жұмыстар жалғасын табуда. Мәселен жыл басынан бері аудан аумағындағы 2 елді мекеннің (Жабағылы және Машат) әбден тозығы жеткен су жүйесі толық құрылымдаудан өтсе, 28 ауылдың су жүйесіне ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр» деп хабарлайды облысы әкімінің баспасөз қызметі.

Бүгінгі таңда 14 елді мекенде, яғни, Майтөбе, Ақбиік, Құлан, Керейіт, М.Жәрімбетов, Қабанбай, Күмісбастау, Келтемашат Қараағашты, Шұқырбұлақ, Жанұзақ, Азаттық ауылдарында ағымдағы жөндеу жұмыстары толығымен аяқталған.

Қазіргі уақытта Жыланды, Жиынбай, Күмісбастау, Састөбе, Қызылбастау, Көктерек, Еңбекші, Амангелді, Пістелі, Көкбұлақ, Даубаба, Тастұмсық, Разьезд -114, Жаскешу елді мекендерінде ағымдағы жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмыстарды жылдың соңына дейін аяқтау жоспарланған.

Аудан әкімі Асқар Естібаев және аудандық мәслихаттың төрағасы Серғали Сәрсенбаев су жүйесіндегі кемшіліктерді реттеу мақсатында құрылыс жұмыстары іске асып жатқан Азаттық, Тастұмсық, Жыланды, Пістелі және Көкбұлақ ауылдарында болып, ондағы атқарылып жатқан жұмыстар барысын бақылады.

Аралау барысында аудан басшысы жауапты мамандармен Азаттық елді мекеніндегі биікте орналасқан, яғни су қысымы жетпей жатқан көшелерге қысымды көтеріп, су жеткізу мәселесін пысықтап, нақты шешімдер қабылданды. Ал Тастұмсық, Жыланды және Көкбұлақ ауылдарындағы ұңғыманы тазалау, су жинайтын мұнара аймағын қоршап, талапқа сай ету жұмыстарын сапалы әрі жылдам аяқтау тапсырылды.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан көш бастады

Түркістан облысын ауыл шаруашылығында көш бастады. Биыл облыста ауыл шаруашылығы дақылдары 907 мың гектарға егіліп, өткен жылдан 34…
Толығырақ

Адасқанның айыбы жоқ…

Мемлекет басшысы ұсынған «Заң мен тәртіп» қағидаты кез келген адамның заңға бағынуын және сол арқылы заң талаптарын қатаң…