ТҮРКІСТАН ОБЛЫСЫ ӘКІМІНІҢ ОРЫНБАСАРЫ АЗАМАТТАРДЫҢ ЖЕКЕ МӘСЕЛЕЛЕРІН ТЫҢДАДЫ

Түркістан облысында жергілікті тұрғындарды жеке қабылдау кестеге сәйкес тұрақты түрде жүргізіліп келеді. Түркістан облысы әкімінің орынбасары Нұрбол Тұрашбеков азаматтарды кезекті рет жеке мәселелері бойынша қабылдап, өтініш-талаптарын тыңдады. Оған Мақтааралдан онлайн байланыс арқылы қосылған азамат иелігіндегі жердің кадастр базасынан көрінбейтініне шағымданып, көмек сұрады. Шалғайдан байланысқа шыққан келесі азаматшаның да сұрағы үйіргелік жерге байланысты қойылды.

Кентаулық қария бау-бақшалық жер телімін заңдастыруға ықпал етуді өтінді, ал, түркістандық тұрғын Ауыл шаруашылығы кредиттік корпорациясы несие қарызын өтеу бойынша жүктемені қайта қарау жөнінде өтінішін жеткізді.

Жерді заңдастыру жайы түсіндіріліп, құқықтық кеңес берілді.

Қабылдауға келген тұрғындар жерді заңдастыру, құжаттандыру және несие төлеміне қатысты мәселелерді көтеріп, ұсыныстарын жеткізді.

Нұрбол Тұрашбеков сот тәртібімен шешілетін мәселелер тізбесіне тоқталды. Сондай-ақ, құжаттандыру үдерісінде жергілікті атқарушы орган тарапынан заң аясында әр азаматқа қолдау көрсетілетінін жеткізді.

Азаматтарды қабылдау жұмыстары алдағы уақытта да жалғасады.

А.Ысқақ.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Азаматтардың өтініші жай хат емес

Президентіміз «Сындарлы қоғамдық диалог – Қазақстанның тұрақтылығы мен өркендеуінің негізі» атты Қазақстан халқына арнаған Жолдауында «Азаматтардың барлық сындарлы…