Түркістанда халықаралық талапқа сай атшабар пайдалануға беріледі

Түркістанда әлеуметтік, туристік, мәдени және спорт нысандары көбейіп келеді. Солардың арасында халықаралық талапқа сай атшабардың құрылысы да қарқынды. Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров нысанға кезекті рет барып, құрылыс барысын қадағалады. Жауапты басқарма басшысы мен мердігерге бірқатар сын-ескертпе айтты. Бұл туралы Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі хабарлады.

– Құрылыс жұмысы негізгі сәулеттік жобадан ауытқымауы керек. Жұмысты жүйелеңіздер. Сапалы материалдарды ғана қолдануды тапсырамын. Айтылған кемшіліктер назарға алынып, құрылыс уақтылы әрі сапалы аяқталуы тиіс, – деді Нұралхан Көшеров.

Ипподромның құрылысын «ВД Строй-инжинеринг» ЖШС жүргізіп жатыр. Бүгінде нысан басында 200-ге жуық жұмысшы, 53 техника жұмысқа тартылған. Электр, су, жылу, кәріз жүйелері жүргізілуде. 1500 жанкүйер сиятын трибуна, 4 қысқы қора, 2 жаздық қора мен манеждің құрылыс жұмыстары аяқталған. Қазір құрал-жабдықтары орнатылуда.

Атшабарда жылқыларды күтіп-ұстайтын орындар, ветеринарлық бекет, жем мен шөп қоймасы, бәйге алаңы мен көкпар ойнайтын алаң бар. Жалпы ат спортын дамытуға барлық жағдай жасалады. Нысан жыл соңына дейін тапсырылады деп жоспарланған.

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Сталин қалай қайта жерленді?

1956 жылы өткен партияның ХХ сьезінде Сталиннің жеке басына табынушылық айыпталды. Дегенмен, Сталинді айыптаушылар Н.С.Хрущев ойлағандай аса көп…
Толығырақ

Елдік сананың көрінісі

Қараңгы қазақ көгіне,  Өрмелеп шығып күн болам! Қараңғылықтың кегіне, Күн болмаганда кім болам?! Мұздаган елдің жүрегін,  Жылытуга мен…
Толығырақ

Түркістанға ауғандық министр келді

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеров Ауғанстан Ислам Әмірлігінің Өнеркәсіп және сауда министрі Нуриддин Азизимен кездесті. Кездесудің мақсаты –…