Сауран ауданында жаңа футбол алаңы ел игілігіне берілді

Түркістан облысында бұқаралық спортты дамыту бағытында, сондай-ақ жастардың спортпен тұрақты шұғылдануына жағдай жасау бағытында жұмыстар жалғасуда.

Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Үлгілі ауылында жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, тұрғындарды жаңа спорт алаңының іске қосылуымен құттықтады.

Спорт алаңы ауылдағы Б.Майлин көшесіндегі №75 учаскеде орналасқан. Жалпы аумағы 3000 шаршы метрді (0,30 гектар) құрайды. Мұнда балаларға арналған шағын ойын алаңшасы да салынды.

Жаңа нысан ауыл жастарының спортпен айналысуына, бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Түркістан облысының тарихи-мәдени бағытындағы туристік әлеуеті жанданады

Түркістан облысында экономикалық, тарихи-мәдени бағыттарындағы туристік жобалар әлеуеті жанданады. Түркістан облысында өткен жылмен салыстырғанда туризмнің оң өсімі байқалады.…
Толығырақ

Ащысайда келіссөздер жүргізілуде

Түркістан облысының әкімі Нұралхан Көшеровтің тапсырмасына сәйкес Кентау қаласына қарасты Ащысай ауылындағы түсті металл комбинаты руднигінің металлургиялық цехына…