Сауран ауданында жаңа футбол алаңы ел игілігіне берілді

Түркістан облысында бұқаралық спортты дамыту бағытында, сондай-ақ жастардың спортпен тұрақты шұғылдануына жағдай жасау бағытында жұмыстар жалғасуда.

Сауран ауданы, Бабайқорған ауылдық округіне қарасты Үлгілі ауылында жаңа футбол алаңы пайдалануға берілді. Нысанның ашылу салтанатына аудан әкімі Мақсат Таңғатаров қатысып, тұрғындарды жаңа спорт алаңының іске қосылуымен құттықтады.

Спорт алаңы ауылдағы Б.Майлин көшесіндегі №75 учаскеде орналасқан. Жалпы аумағы 3000 шаршы метрді (0,30 гектар) құрайды. Мұнда балаларға арналған шағын ойын алаңшасы да салынды.

Жаңа нысан ауыл жастарының спортпен айналысуына, бос уақытын тиімді өткізуіне және салауатты өмір салтын насихаттауға мүмкіндік береді.

Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Кентауда қылмыс төмендеген

Кентауда қылмыстың ашылу деңгейі жоғарылады. Кентау қалалық полиция бөлімі алдағы уақытта да қылмыстың алдын алу, қоғамдық тәртіпті нығайту…
Толығырақ

Түркістанда жаңа өнер орталығы

Республика күні Түркістан қаласында балалар мен жасөспірімдердің шығармашылық қабілетін дамытуға арналған жаңа Өнер орталығы ашылды. Салтанатты ашылу шарасына…