Кибералаяқтыққа қарсы ақпараттық жұмыстар жалғасуда

Интернет кеңістігіндегі алаяқтық фактілердің алдын алу мақсатында Төлеби аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері тұрғындар арасында жүйелі түрде түсіндірме жұмыстарын жүргізіп келеді.

Полиция қызметкерлері халық көп шоғырланатын орындарда, түрлі жиналыстар мен жұма намаздары кезінде азаматтармен кездесіп, интернет арқылы жасалатын қылмыстардан сақтану шаралары жөнінде ақпарат берді.

Шара барысында тұрғындарға сақтық ережелері түсіндіріліп, интернеттегі күмәнді сілтемелер мен бейтаныс тұлғалардан келетін хабарламаларға сенбеу қажеттігі ескертілді. Сонымен қатар, азаматтарға арнайы жадынамалар мен үнпарақтар таратылып, онлайн алаяқтықтың түрлері мен оны болдырмау жолдары көрсетілді.

Полиция өкілдері тұрғындарды интернеттегі күдікті жағдайлар туралы дереу «102» нөміріне хабарлауға шақырып, өз қауіпсіздігін қамтамасыз ету – әрбір азаматтың басты міндеті екенін атап өтті.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Сотталғандармен кездесу өтті

Түркістан облысы Полиция департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Төлеби ауданындағы ҚР ІІМ Қылмыстық-атқару жүйесі комитетінің №55 мекемесінде…

Балалар қауіпсіздігі басты назарда

Арыс қаласында балабақша тәрбиеленушілерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету мақсатында «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда»…