Түркістан қаласында абаттандыру қағидасын бұзған 582 азаматқа шара көрілді

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен жүзеге асырылып жатқан “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы аясында Түркістан қалалық Полиция басқармасының қызметкерлері тұрғындар арасында түсіндіру және алдын алу жұмыстарын жүргізді.

Іс-шара барысында қала аумағында бірқатар әкімшілік құқық бұзушылықтар анықталды. Атап айтқанда, «Ортақ пайдаланудағы орындарды ластау» бойынша — 14 азаматқа, ал «Абаттандыру қағидаларын бұзу» бойынша — 582 азаматқа қатысты тиісті әкімшілік шара қабылданды.

Акцияның негізгі мақсаты — қоғамдық орындардағы тазалықты сақтау, қоршаған ортаға ұқыпты қарау және азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру болып табылады. Тәртіп сақшылары тұрғындарды қоршаған ортаны қорғау, тазалықты сақтау және қоғамның экологиялық мәдениетін арттыруға үлес қосуға шақырады.

Түркістан облысы ПД баспасөз қзыметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts
Толығырақ

Полицейлер интернет-алаяқтықтың алдын алу шараларын күшейтті

Түркістан облысы Мақтаарал аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері интернет-алаяқтық қылмыстарының алдын алу мақсатында тұрғындар арасында кең ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жалғастыруда.…
Толығырақ

Профилактикалық жұмыстар жүргізілді

Отырар ауданының прокуратурасының ұйымдастыруымен 2026 жылғы 23 қаңтарда интернет алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық жұмыстар жүргізілді. Интернет алаяқтық…

Жолдан жаңылдырған жарнамалар

Түркістан облысы бойынша экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға жедел уәкілі Тұрапбай Жанболат елімізде заңсыз ойын бизнестерінің жолын кесу, онлайн…