«Кентау қаласы Қарнақ ауылындағы жалпы білім беретін «Үркер» мектебінде «Лудомания», «Зорлық-зомбылықтың алдын алу», «Бала тәрбиесі және құқық бұзушылықтың алдын алу» тақырыптарында оқушылармен маңызды кездесу өтті» деп хабарлайды habarlike.kz Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Іс-шараның мақсаты – кәмелетке толмағандар арасында зорлық-зомбылық пен құқық бұзушылықтың, ерте жүктіліктің, лудомания мен буллингтің алдын алу, сондай-ақ жасөспірімдердің салауатты өмір салтын ұстануына ықпал ету және ата-ана мен бала арасындағы тәрбиелік байланысты нығайту.
Кездесуге полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметі бөліміне қарасты отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес тобының инспекторы Г.Жақсылықова, «Отбасын қолдау орталығының» психологі Н.Смайлова, «Жастар ресурстық орталығы» КММ-нің жастар инспекторы Ш.Абдуламитова, сондай-ақ мектептің педагог-психологтары Д.Қадыр мен Н.Ибрагимова қатысты.
Шара барысында 100-ге жуық қатысушыға нашақорлық, темекі мен зиянды әдеттердің салдары, отбасындағы қарым-қатынас мәдениеті жөнінде түсіндірме жұмыстары жүргізілді. Сонымен қатар оқушыларға бейнероликтер көрсетіліп, сұрақ-жауап және пікір алмасу ұйымдастырылды.