Білімді де білікті полицей ару арамызда жүр

Түркістан облысы полиция департаментінде өз ісінің маманы, полицей-психолог құқық қорғау саласында 17 жыл еңбек етіп келе жатқан Сұлушаш Көшімбетова есімді ару қыз бар. Ол Ішкі істер саласында қызметке орналасатын мамандардың эмоционалдық реакциясын тексереді, психофизиологиялық зерттеулерден өткізеді. Бала күнінен полиция болуды армандаған Сұлушаш бүгінде капитан шенінде департаменттің Кадр саясаты басқармасының инспектор-полиграфы болып қызмет атқарады.

Полициядағы алғашқы еңбек жолын Маңғыстау облысы Ақтау қаласындағы мамандандырылған күзет қызметі басқармасынан бастаған ол 2009 жылы Түркістанға оралып, содан бері құзырлы қызметін осында жалғастырып жатыр. «Адамды зерттеу оңай емес. Сол үшін көп ізденіп, көп оқимын. Бұл қызметімде өз жемісін беруде. Еткен еңбек еш кетпейді. Салада ізденіп, өзімді дамытып келемін. Үнемі ізденісте жүріп қана адам саласындағы жұмысын дамыта алады деп ойлаймын»,- дейді Сұлушаш Шәкірханқызы.

Бұл ретте полиция капитаны Сұлушаш Шәкірханқызы сан салада, түрлі кітаптар оқитынын айтады. Атап айтқанда нумерология, астрология саласындағы кітаптарға көбірек көңіл бөлетінін де назардан тыс қалдырмайды.

Өзімізге жүктелген жауапкершілікті жоғары деңгейде орындау үшін жұмысқа ерте келіп, кеш қайтатын кездеріміз де көп болады. Жұмыс, жұмыс деп отбасымды әрине ұмытып кетпейсің. Айтпағым, жолдасым да, отбасым да үнемі барлық кезде қолдау білдіретіні үшін алғысымды айтқым келеді, — дейді полиция капитаны.

Абыройлы жұмыстардың арқасында арнайы алғыс хаттармен марапатталған бұрымды полицей отбасында аяулы ана. Ұл-қыз өсіріп, тәрбиелеп отырған ана полицейдің ендігі арманы ертеңгі ел болашағы жас толқын мен елдің амандығы.

Түркістан облысы ПД баспасөз қызметі

Total
0
Shares
Добавить комментарий

Ваш адрес email не будет опубликован. Обязательные поля помечены *

Related Posts

Балалар қауіпсіздігі басты назарда

Арыс қаласында балабақша тәрбиеленушілерінің өмірі мен денсаулығын қорғау, қауіпсіз ортаны қамтамасыз ету мақсатында «Балалар қауіпсіздігі – басты назарда»…
Толығырақ

Сарыағашта “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында оқушылармен кездесу өтті

«Түркістан облысы аумағында өткізіліп жатқан “Жасөспірім” жедел-профилактикалық іс-шарасы аясында Сарыағаш аудандық полиция басқармасында оқушылармен кездесу ұйымдастырылды» деп хабарлайды…

Бірлескен мәжіліс өтті

Жуырда Түркістан облысы кәсіпкерлер палатасының Кәсіпкерлердің құқығын қорғау және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл кеңесі мен «AMANAT» партиясының Түркістан…